ҚОСТАНАЙ. 30 мамыр. Қостанай қаласында жол шетінде кетіп бара жатқан екі адамды басып кеткен көлік жүргізушісі оқиға орнында ұсталды. Оның есірткі пайдаланғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қостанай аудандық ішкі істер бөлімі жол техникалық инспекциясының қызметкері Таңат Әлмағамбетов жұмыстан тыс кетіп бара жатып, кенет жол-көлік оқиғасын байқап қалады. Түнгі сағат 02.00-де «ЗАЗ-Шанс» машинасының 32 жасар жүргізуші жол шетінде кетіп бара жатқан 23 және 26 жасар қыз бен жігітті басып кетеді. Таңат жол-көлік апатына себепкер машинаның алдынан тосқауылдап, қашуына мұрша бермей ұстайды да, дереу «жедел жәрдем» және полиция құрамын шақырды. Жігіт оқиға орнында қаза тапты да, қызды қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне апарғанда қайтыс болды.
Аға сержант Таңат Әлмағамбетов: «Жүргізуші жүргіншілерді менің көз алдымда басып кетті. Мен дереу қашқысы келген жүргізушінің алдына көлденең тұрдым», – деді. Жергілікті полицияның аға инспекторы Юрий Панасенко 1984 жылы туған жүргізушінің қанынан көп мөлшерде есірткі заты табылғанын айтты.
Қазір ол уақытша оқшаулау орнында отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізуші Қылмыстық кодекстің 3 бөлімі, 345-бабы бойынша «Жол ережесін бұзған, екі және одан да көп адамның өліміне себепкер болған» деген айып тағылды. Күдікті Қостанай қаласының орталық көшесінде басқа жүргізушімен жарысқан.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, фото: Қостанай облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
• 30 Мамыр, 2016
Қостанайда екі жүргінші басып кеткен жүргізуші ұсталды

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше