Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандықтарды құдайы ас беруде ысырапшылық жасамауға шақырып отыр.
Мұның жайын Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы тарқатып айтып берді. «Құдайы ас берудің де өзіндік бір әдебі мен тәртібі бар емес пе? Қай жағынан келгенде де, шектен тыс шығынға батып, ысырап етуге болмайды. Мұны біздің асыл дініміз де құптамайды. Біз еліміз бойынша баршаға тиімді болатын құдайы астың ортақ мәзірін әзірлеп, көпшілікке ұсындық. Бұл бастамаға ел ағалары, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, мешіт жамағаты үлкен қолдау көрсетуде. Айталық, Павлодар облысындағы орталық мешіттің асханасында осы ас мәзірі бойынша құдайы ас беріліп келеді. Жергілікті жамағат игі бастама үшін алғысын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізуде. Қолға алған жұмысымыз өзге де облыстарда жүзеге асады деген ойдамыз», – деді ол.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман Исеновтің пікірінше, мешітке келуші жергілікті жамағат арасында: «Несие алып, құдайы ас берсем бола ма?» – деп сұрап келетіндер де бар. «Бұл – дінімізде құпталмайтын амал. Ал біз ұсынған жаңа ас мәзірі асқа кететін шығынды екі есеге азайтады», – дейді ол.
Қазіргі күндері Ғұламалар кеңесінде талқыланып жатқан «Жаназа» кітабында: «Қайтыс болған кісінің атынан ас беру – мұсылман шариғатында міндетті түрде атқарылуы тиіс парыз амалдарына жатпайды. Яғни, жасалмаған жағдайда ешбір адам күнәһар болмайды. Жалпы алғанда, жұртқа тамақ таратудың сауапты іс екенін хадистер мен Құранның кейбір аяттарынан байқаймыз. Дінімізде міндетті түрде қарызданып немесе өзіңе қажетті қаржыңды жұмсап, қайтыс болған кісі атынан үлкен мал сойып, садақа бер деген үкім жоқ. Садақалар, құдайы астар берілген жағдайда ысырапқа жол берілместен атқарылуы тиіс», – деп атап көрсетілген екен.
Айта кететін жайт, елімізде құдайы ас, садақа беру, мазар салу, жерлеу секілді рәсімдерді бір ізге, бір жүйеге келтіру мақсатында әзірленіп жатқан «Жаназа» кітабы Ғұламалар кеңесінің араласуымен жуырда жарыққа шықпақ.
Мұрат АЙТҚОЖА
• 31 Мамыр, 2016
Ас берудегі аста-төктік бұдан былай тежелуге тиіс

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25