АТЫРАУ. 1 маусым. Атырау тұрғыны өзінің тірі екенін дәлелдеу үшін сотқа жүгініп, қайтыс болғаны туралы куәліктің күшін жойдырды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egmen.kz тілшісі хабарлады.
Жыл басында Атырау облысының тұрғыны Елена Приданованың азаматтық некедегі күйеуі Николай Орловпен бірге баспанасыз қалғанын хабарлаған едік. Олардың өздерінің де, тіпті, үш баласының да жеке басын куәландыратын құжаттары да болмаған. Бір таңданарлығы Елена Приданованың өзі өлілер санатында екені анықталған еді.
«Азаматша Елена Приданова ұзақ уақыт бойы Атырау облысының ауылдық округтердің бірінде өмір сүріп, туыстарымен хабарласпаған. Бірнеше жылдар өткеннен кейін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге арналған дағдарыс орталығына түскен уақытта өзінің қаза тапқандар есебінде тұрғанын білген. Өз құқығын қорғау мақсатында Атырау қалалық сотына өзіне қатысты қайтыс болу туралы актілік жазбаның және қайтыс болу туралы куәлікті заңсыз деп арызбен жүгінген. Сот отырысында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында фото арқылы арызданушының туыстары мәйітті Елена Придановаға ұқсас болуына байланысты сол деп танығаны анықталды. Кейіннен арызданушының туыстарының бірі мұны қайтыс болды деп тану туралы куәлігін алған. Сот отырысында арызданушының барлық туыстары оны өздерінің әпкесі, тәтесі ретінде таныған. Жинақталған барлық дәлелдемелердің жиынтығымен сот арызданушы Елена Приданованың талабын негізді деп танып, оған қатысты қайтыс болу туралы актілік жазбаны және қайтыс болу туралы куәлікті заңсыз деп таныды» – дейді Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Фото: azh.kz.

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10