АСТАНА. 2 маусым. Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 2-15 маусым аралығында өтеді. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша 2016 жылы 121 092 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 83 330-ы – қазақ тілінде, 37 762-сі – орыс тілінде. ҰБТ тапсыруға 86 991 түлек өтініш білдірді. Бұл жалпы санның 72 пайызын құрайды. Ал қазақ тілінде – 63 021, орыс тілінде – 23 970 түлек тапсырады.
ҰБТ 166 пунктте өтеді. Оның 116-сы аудан орталықтарында, 50-і облыстық орталықтарда, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларының жоғарғы оқу орындарының ғимараттарында орналасқан. Бір пунктте тестілеуден өтетіндер саны 1 күнде 600 түлекті құрайды.
Айта кетейік, биыл талапкерлерге қойылған талап өзгерген жоқ. Оқушылар 5 пән бойынша тест тапсырады, 3,5 сағатта 125 сұрақтың жауабын белгілеуі тиіс. Жоғары оқу орнына түсемін десе, кемінде 50 балл жинауы қажет. Ал ұлттық университетте білім алғысы келетіндердің көрсеткіші 70 баллдан төмен болмауы керек. Бірақ аздаған өзгерістер бар. Сынақтан сүрініп, 50 балл жинай алмағандар ҰБТ-ны қайта тапсыра алады.
Аян Әбдуәли.
Дерек: inform.kz.
Фото: namys.kz.
• 02 Маусым, 2016
Бүгін елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше