02 Маусым, 2016

Петропавлда соңғы жылдары 95 жетім бала пәтер алған

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-06-16-deti sirota ПЕТРОПАВЛ. 2 маусым. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов жетім балаларға арналған интернат үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, арнайы сыйақы берді. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Биыл өңірде асыраушысынан айырылған 30 бала мектеп бітірді. Түлектердің алдында сөз алған Ерік Хамзаұлы бүгінде елімізде сапалы білім алуға барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы екі жылда облыста жаңа пәтер кілтін интернаттың 95 түлегі алған. «2015-2016 жылдары 95 пәтер бөлінді. Бұл әлеуметтік көмекті жалғастыра береміз. Биыл ол төрт есеге өседі», – деді облыс әкімі. Тәлімгерлер де жүрекжарды тілектерін айтты. Олардың көпшілігі оқушыларға бірнеше жылдан бері қаржылай, моральдық қолдау көрсетіп келеді. Солардың бірі облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиева стоматолог-дәрігер болуды армандайтын Альбина Қапарованы шефтік қамқорлыққа алған. . Кездесу соңында аймақ басшысы барлық түлектерге ақшалай сыйлық тапсырды. Өмір Есқали. Дерек, фото: Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 02-06-16-deti sirota 1
Соңғы жаңалықтар