02 Маусым, 2016

Студенттер жазушы Сәуле Досжановамен кездесті (фото)

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-06-2016 saule doszhanova 1 АЛМАТЫ. 2 маусым. Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ақын әрі жазушы Сәуле Досжановамен «Күн шуағым менің» атты әдеби-танымдық кездесу өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қыздар үшін қызықты әңгімелер өрбіген кездесуді университет ректоры Динар Нөкетаева ашты. Cтуденттер ақын шығармаларынан композиция әзірлеп, жазушыға арнаған төл туындыларын оқып берді. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Сәуле Досжанова шынайы өмірді бейнелейді, әйелдер тақырыбында көсіле жазады. Жазушының «Жыр тәж», «Арман қала» жыр жинақтары мен «Үшінші есіктің құпиясы», «Жатқа туған бала», «Үлкен үйдегі үрей» атты прозалық кітаптары бар. «Әкем бар ақшасын маған жұмсап, кітап сатып алатын. Сол кездегі «Жұлдыз» журналының бар нөмірі болды. Оны мен «Тұманбай аға Молдағалиев» атындағы кітапхана деп атадым. Кейін Алматыда болғанда ол кісіні арнайы іздеп барып, танысып қайттым. Сонда ағамыз ерекше қуанды. Біз ол кезде кітаптарын тізбектеп білумен қатар, жырларын жатқа оқитынбыз. Дән риза болып, «Сен бақыттысың, бақытты әйел-ана боласың», деп айтқаны бар. Қазір ойлап қарасам, керемет бата екен», – деді Сәуле Досжанова. Кеш барысында Сәуле Мағазбекқызы өз жырларын оқып берді. Оған қоса, қос жазушының басынан өткен оқиғаларын, асыл жары жазушы Дүкенбай Досжановтың жұрт біле бермейтін кейбір қасиеттерін, шығармашылық адамның зайыбы мен зиялы қауым өкілі болудың қандай ерекшеліктері бар екені жайлы қызықты ойларын ортаға салды. Айнаш Есали. Дерек, фото: egemen.kz.   02-06-2016 saule doszhanova 2 02-06-2016 saule doszhanova 3
Соңғы жаңалықтар