02 Маусым, 2016

Ақтөбе облысының әкімі бастап қан тапсырды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02.06.2015 AQT-1 АҚТӨБЕ. 2 маусым. Облыстың мемлекеттік қызметшілері лейкемиямен ауыратын балаларға 200 литр қан тапсырды. Бұл туралы egemen.kz і хабарлады. Облыс әкімдігінің қызметкерлері өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен балаларды қорғау күніне орай қолға алынған «Донор бол – өмір сүруге үміт сыйла» акциясына қатысты. 400 мемлекеттік қызметкер жілік майының донорлары қатарына тіркеліп, донорлық қан компоненттерінің қауіпсіздігі үшін облыстық орталыққа қан тапсырды. Олардың әрқайсысы сырқат балаларға көмектесу үшін анкета толтыру, тіркелу, медициналық тексерістен өту және қан тапсыру секілді қажетті процедуралардан өтті. Облыс әкімінің бастамасы Ақтөбе қаласының мемлекеттік қызметкерлері мен 12 аудандарынан да қолдау тауып, мұндай иманды іске барлығы 2000 астам адам үлес қосуда. Мұндай жағдайда берілетін сыйақы да лейкозға шалдыққан балалардың еміне аударылады. Бүгінде облыста өткір лейкоз диагнозымен 52 бала есепте тұр. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, фото: egemen.kz ????????????????????????????????????