02 Маусым, 2016

Алматы облысының мәдениет саласына жаңа басшы келді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

02-06-16-abdualiev

ТАЛДЫҚОРҒАН. 2 маусым. Алматы облысы әкімінің өкімімен Ақан Әбдуәлиев облыстық мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдік баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Әбдуәлиев Ақан Жылқышыбайұлы 1975 жылы туған. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын,Алматы экономика және статистика академиясын бітірген. Мамандықтары - артист, оқытушы және экономика бакалавры. Еңбек жолын облыста Сүйінбай атындағы филормонияда әнші боп бастаған. Әр жылдары    «Қазақконцерт» әртісі, Ж. Елебеков атындағы эстрадалық-цирк колледжі, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы болды, А. Жұбанов атындағы републикалық музыкалық мектеп-интернаты директорының орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылғы сәуірден бастап Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры болды. Нұрбол Әлдібаев. Дерек, фото: 7sunews.kz.
Соңғы жаңалықтар