02 Маусым, 2016

«Қайрат» командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

455 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
02-06-2016 kairat АСТАНА. 2 маусым. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасы 14-турының ойындары ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қайрат» (Алматы) – «Атырау» (Атырау) 5:2 Голдар: Бауыржан Исламхан 22, 65, Исаэль Барбоза 28, Андрей Аршавин 45, Жерар Гоу 84 – Лукаш Тесак 17 (автогол), Александру Куртеян 87. «Қайрат»  өз алаңында «Атырауды» қабылдап, 5:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің 17-минутында Алматы командасының қорғаушысы Лукаш Тесак өз қақпасына гол соғып алды. Осыдан кейін «Қайрат» қайратына мініп, қауіпті шабуылдарды жиі ұйымдастырды. Нәтижесінде, араға бес минут салып, команда капитаны Бауыржан Исламхан таразы басын теңестірсе, 28-минутта Исаэль Барбоза командасын алға шығарды. Ал бірінші таймның соңына таман осы маусымда жаңадан қосылған Андрей Аршавин есепті еселей түсті. Ойынның екінші жартысында Бауыржан Исламхан екінші голымен көзге түссе, өткен маусымда премьер-лиганың бомбардирі атанған Жерар Гоу бесінші голды соқты. Ал «Атырау» сапынан жалғыз голдың авторы Александру Куртеян атанды. «Оқжетпес» (Көкшетау) – «Ақжайық» (Орал) 4:2 Голдар: Серж Бандо 10, 56, Ристо Ристович 34, Марат Хайруллин 43, – Иван Антипов, Қуаныш Бегалин 81. «Тараз» (Тараз) – «Астана» (Астана) 0:2 Голдар: Джордже Деспотович 88, Серікжан Мұжықов 90. «Жетісу» (Талдықорған) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 1:1 Голдар: Ілияс Әмірсейітов 73 – Сандро Цвейба 70. «Тобыл» (Қостанай) – «Ордабасы» (Шымкент) 1:0 Голдар: Сергей Хижниченко 58. «Ертіс» (Павлодар) – «Шахтер» (Қарағанды) 0:0 

14-тур ойындарының қорытындысы бойынша турнир кестесі 

02-06-2016 KPL 1

Үздік мергендер: 
  1. Жерар Гоу («Қайрат») – 8 гол;
  2. Роман Мұртазаев («Ертіс») – 8 гол;
  3. Душан Савич («Жетісу») – 6 гол.
15-тур ойындары 11 маусым күні ойналады. Аталған турдағы қарсыластар реті төмендегідей: 11 маусым «Ақжайық» « Тараз» «Ақтөбе» «Тобыл» «Астана» – «Жетісу» «Атырау» – «Оқжетпес» «Ордабасы» – «Ертіс» «Шахтер» – «Қайрат». Аян Әбдуәли. Дерек: egemen.kz. Фото: vk.com.