03 Маусым, 2016

Келелі кеңесте

280 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
IMG_5844теміржол басшылары Еуразия жаңа көлік дәлізін дамыту болашағын талқылады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин күні кеше  Сочи қаласында «Стратегиялық серік­тестік 1520»  XI халықаралық теміржол бизнес форумына қатысты. Ол «Ағымдағы жағдайда жаңа мүмкіндіктерді қалай анықтауға болады?» деген тақырып бойынша форумдағы кезекті сессияда сөз сөйледі. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Еуразиялық көлік дәлізін дамыту болашағына байланысты өзінің көзқарасын таныстырды. Ол Еуразиялық құрлықаралық көлік дәлізін құрудағы Қазақстанның тран­зиттік әлеуетін атап өтті. Қазіргі кезде Қазақстанда Еуразиялық логистикалық хабын құруға өте зор назар аударылып отыр­ған­дығын мәлім етті. – Осы мақсатта «Нұрлы Жол» бағдарламасы қабылданып, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары жасалды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға қарай ел аумағы арқылы транзиттік тасымал көлемін екі есеге ұлғайту туралы тапсырма берді, – деп атап өтті А. Мамин. Ол өз баяндамасында соңғы алты жыл ішінде Қазақстанда жал­пы ұзындығы 1700 шақырым болатын жаңа теміржол желісі салынғандығын жиналғандарға жан-жақты баяндады. – Біздің еліміз арқылы са­лынған логистикалық инфра­құрылым 1520 кеңістігі теміржол табанымен қызмет көрсететін Қытай, Еуропа, Иран және Парсы шығанағы елдеріне ықпалдасуды күшейтті. Бұл өз кезегінде баламалы теңіз жолынан бас тартып, 1520 кеңістігінде бәсекелестікті күшейтті, – деді «Қазақстан темір жолы» АҚ басшысы. – Қазақстанның өткізу мүмкіндігі арқылы Ақтау портын кеңейту, Құрық паром кешені құрылысын салу, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ны дамыту, ішкі және сырт­қы терминалдық желіні кү­шейту көзделіп отыр. Қазақстан арқылы оңтайлы транзиттік дәліздер (ҚХР – Еу­ропа – ҚХР, Солтүстік-Оңтүстік, ТХКБ) жасақталуда. 2020 жыл­дарға қарай осы дәліздердің әлеуетін екі миллион ДФЭ-ге жеткізу жоспарланған. 2016 жылы ҚХР – ЕО – ҚХР  бағдарындағы контейнерлік тасымал көле­мін 2015 жылмен салыстырғанда екі есеге арттырып, 100 мың ДФЭ контейнерге жеткізу ұйғарылды. Биылғы төрт айдағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі жарым есеге өсті. Асқар Маминнің айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ белсенді әрекетінің арқа­сын­­да ҚХР – Еуропа – ҚХР бағ­дарында жүрдек контейнерлік тасымалға сұраныс артып келеді. Оған Қытайдың шағын қалалары мен провинцияларының жүк жө­нелтуге қызығушылығы жоғары. 2014 жылы Еуразиялық на­рыққа контейнерлік сервистік қызмет көрсету сапасы – Бір­лескен көліктік-логистикалық компания (БКЛК) іргетасы қа­ланғандығын да еске салды. «БКЛК бір­ыңғай баға саясаты, көліктік-логистикалық қызмет технологиясы және стандарттау істері Қытай – Еуропа – Қытай бағдарындағы контейнерлік жүк тасымалын 2020 жылға қарай 800 мың ДФЭ-ге жеткізуге мүмкіндік әпереді. ҚТЖ басшысы сондай-ақ Шы­ғыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағдарындағы транс­құрлықтық көлік дәліздерін игеру­дің маңызы зор екендігіне тоқталып, бұл мақсатта кедер­гілерді барынша азайтып, те­ңіз бағдарына бәсекелес ре­тінде құрғақ порт арқылы тасы­малдаудағы тариф саясатын да қа­лыптастырудың мәніне тоқталды. Бүгінгі таңда транзит­тік кон­­­тейнерлік тасымалдаудың гео­графиялық аумағы кеңейіп келеді. Транскаспий халықара­лық көлік бағдарымен Nomad Express контейнерлік сервистік қызметінің бағдары жүргізілді. Оның алғашқы қанатқақты жобасы Қытайдан Әзербайжанға, Түркияға және Украинадан Қы­тайға қарай контейнерлік по­йыздар жіберілді. Биылғы жылы 53 контейнерлік пойызды Қытай – Баку, Қытай – Тбилиси, Қытай – Ыстанбұл бағ­дарымен жіберу жоспарланды. Сонымен бірге, Балтық жағалауы елдерімен Қара теңіз арқылы Nomad Express контейнерлік қызметін Қазақстан, Орталық Азия, Қытайға бағыттау жоспары да бар. Транскаспий бағдарының әлеуеті Азияны Еуропамен жал­ғастырып, 2020 жылдарға қарай 300 мың ДФЭ контейнеріне жеткізілмек. Үстіміздегі жылы Қазақстан теміржолы тарихында тұңғыш рет Иранға контейнерлік пойыз Иу қаласынан (Қытай) Тегеранға (Иран) барлығы 9 мың шақырымға жүкті 14 тәулікте жеткізді. «Қа­зақстан темір жолы» ҰК» АҚ бар­лық бағдарларға теміржол, теңіз және әуе жолы, автотасымалдау, порттық және әуежайлық инфрақұрылым, қоймалар мен терминалдар бойынша көліктік-логистикалық қызмет түрлерін көр­сетеді. Компания президенті сыртқы экономикалық қатынасқа қа­тысушыларды әкімшілік ке­дергілерді барынша азайтып, құқықтық-нормативтік база­ла­рын жабдықтауды жетілдіріп, кедендік ресімдеуді оңтайландырып, шек­аралық өткелдер арқылы өткізуді жеделдету үшін қағаз түріндегі құжат айналымын қысқартуды, жүктерді алып жүрудің электронды ілеспе құ­жаттарын ұсыну қызметін жасақтауды ұсынды. «Мұндай кешенді шаралардың барлығы транзиттік әлеуетті толыққанды қолдануға, мультимодальды тасымалдауды ұйым­­дастыруға, оның ішінде Қа­зақстанның 2020 жылға қарай логистикалық қызметі жетілген 40 елдің қатарына кіруіне мүмкін­дік жасайды», – деп атап өтті қорытынды сөзінде Асқар Мамин. Форум аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ пен «РТЖ» ААҚ арасында ха­лықаралық жүк тасымалы бағдарындағы электронды құжат алмасу саласы бойынша келісімге қол қойылды. *** «Стратегиялық серіктестік 1520» халықаралық теміржол бизнес форумы Еуропа  мен Азия арасындағы ауқымды дискуссия алаңы болып табылады. Жылма жыл осы форум аясында ірі стратегиялық теміржол бағдарларын дамыту туралы «Кеңістік 1520» халықаралық келісімдері жасалып, сондай-ақ, теміржол техникала­рын жет­кізу мен оған техникалық қызмет көрсету түрлері бойынша уағдаластықтарға қол қойылады. Аталмыш форумның аудиториясында ТМД, Еуроодақтың жетекші компаниялары мен әлемнің отыздан астам елінен келген өкілдер қатысты. Марат АҚҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»