«Ауыл» халықтық-патриоттық демократиялық партиясы лаңкестердің шабуылынан қаза тапқан азаматтардың туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айта отырып, экстремистердің тағылық әрекеттеріне қатаң соққы беріп, діни экстремизм мен терроризмнің кез келген түріне тосқауыл қою керек деп санайды.
* * *
Қайғылы оқиғаларды сараптай отырып, Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың уақыт тезінен өткен біздің басты құндылықтарымыз екендігін барынша ұғына түсеміз. Бұл ұғымдар елдің әрі қарайғы дамуының темірқазығы болып табылады, делінген
Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы мәлімдемесінде. Кәсіподақтар құндылықтарымызды сақтап, оны нығайту жолында еңбек ету керектігін атап көрсетеді.
* * *
Қазақстан Жазушылар одағы да терроршылардың тағылық әрекетін айыптай отырып, азаматтардың өміріне қауіп төндіретін барлық қатерлерге қарсы күресте бірігу керектігін, қазақстандықтарды елдің бірлігі мен келісімін, тұрақтылығын сақтау жолында бүкіл күш-жігерді жұмылдыруға үндейді.
* * *
Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымдары Орталық кеңесі Ақтөбеде орын алған лаңкестік әрекетке тапсырыс берушілер мен орындаушылар ең қатал жазаға тартылуы тиіс деп есептейді. Сондай-ақ, Ардагерлер ұйымдары Қазақстан азаматтарына қайырыла отырып, бейбіт өмір сүріп отырған елімізде терроризм мен экстремизмнің таралуына қарсы күресті пәрменді түрде жүргізіп, бүкіл ел азаматтары күшті біріктірудің маңыздылығын атап көрсетеді.
* * *
Қазақстан жастарының конгресі де елдің жастарын экстремизм мен терроризмге қарсы күресте алдыңғы қатарда болуға шақырып, елдегі бейбіт өмір мен тұрақтылықты сақтауға, қоғамдағы тұрақтылықты одан әрі нығайтуға және Қазақстан қоғамының ынтымақтастығын арттыруға үндейді.
* * *
Бүлдіргі ағымдарды ұстанушылар жасаған зорлық актілерінің исламға ешқандай қатысы жоқ деп санайды
Қазақстанның дінтанушылар конгресі. Конгресс исламның бейбіт дін екендігін, Қазақстанда әртүрлі конфессиялар өкілдерінің бейбітқатар өмір сүруіне барлық жағдай жасалғандығын айта отырып, барлық азаматтарды тыныштық пен тұрақтылықтың қадір-қасиетін бағалай білуге шақырады.
* * *
Қазақстан жастарына экстремистік идеялар тән емес, дейді
«Жас Отан» Жастар қанаты өз мәлімдемесінде. Оған қоса, жастарды елдің болашақта даму мақсаты айналасында мейлінше шоғырланып, бірлікті сақтауға және нығайтуға шақырады.