Бүгінде 100 жастың табалдырығынан аттаған сахна саңлағы Айша Абдуллина апамыз 27 жасында «Еңлік-Кебекте» Еңліктің рөлін сомдап, Қазақ КСР-інің халық әртісі атанған екен. Алматыдан Шымкентке қоныс аударғаннан бері Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында үзіліссіз 64 жыл еңбек еткен актрисаның шығармашылық кеші «Ғасырға ұласқан ғұмыр» деп аталды.
Мерейтойға жиналған көпшілік жүз жасаған, осы саналы ғұмырында қазақ сахнасындағы талай ғажайып тұлғалардың образдарын ашып, үлкен мәдени мұра қалдырған халық әртісін ақбозатқа жеккен пәуескеден алқалап түсіріп алды.
Мерейтой «Оңтүстік фильм» киностудиясы арнайы түсірген деректі фильммен ашылды.
Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов атақты әртісті арнайы қабылдап, 100 жасқа толған мерейтойының лайықты аталып өтетіндігін айтқан болатын. Уақытында театрдан бөлек, «Қан мен тер», «Сұржекей» сияқты кинофильмдерде өзінің қолтаңбасын қалдырған Айша Абдуллинаның мерейтойы құрметіне бір апта бойы театр апталығы өткен-ді. Әртіс – көрермендерімен бақытты. Қазақтың әдебиет, театр өнеріндегі дарабоздарымен қоян-қолтық жұмыс жасаған Айша апай жұртының меймілдеген ықыласына рахметін айтты.
Апай сахнаға көтерілгенде көпшілік «Гәкку» әнін қосылып айтып, тік тұрып ұзақ қол шапалақтап қошемет көрсетті.
Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың құттықтауын оқып, сыйлығын тапсырды.
Театрда өткен кеште Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының құттықтау хаты оқылды.
– Сахна– ар мен жан тазалығы арқылы бізді Жаратқанға бір саты жақындататын құтты мекен. Бұл жерде еңбек етіп жүрген әртістің тамған тері қасиетті, – деп сөз сабақтаған Қазақстанның халық әртісі, республикалық Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов қара шаңырақ М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ұжымының жүрекжарды сөзін жеткізді.
Даңқы алты алашқа тараған атақты актрисаны арнайы құттықтауға көрші Қырғызстаннан да өнер ұжымы келіпті.
Өмірін өнерімен өрнектеген, жүз жасқа толса да ұлы сахна алдындағы адалдығын жоғалтпаған, киесіне тәу еткен Айша Абдуллинаның актрисалық тағылымы осылай өрілді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10