Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ-ның Женева қаласындағы бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова БҰҰ-ның Женева қаласындағы бөлімшесінің бас директоры Майкл Мёллерге Сенім грамотасын тапсырды.
Қазақстан дипломаты БҰҰ бөлімшесінің басшысын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы барысында жариялаған бастамаларынан хабардар етті. Ж.Айтжанова сұхбаттасымен БҰҰ және Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өзара ықпалдастықты ілгерілетудің келешегін талқылады.
Ол адам құқықтары, әйелдердің қоғамдағы рөлін нығайту және олардың құқықтарын қорғау, экономика, қоршаған ортаны қорғау, «жасыл» технологияларды қолдануда өзара ықпалдасуды тереңдету, сондай-ақ, жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту сияқты мәселелер бойынша БҰҰ-мен бірлесіп жұмысты жалғастыруға Қазақстанның әзір екендігін атап өтті.
Ж.Айтжанова Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директоры Роберто Азеведоға да Сенім грамотасын тапсырды. Тапсыру рәсімінен кейінгі кездесу барысында Қазақстан үшін маңызы зор көпжақты келіссөздер үдерістері шеңберінде талқыланып жатқан мәселелердің ішінен халықаралық сауданы реттеу саласындағы жағдай бойынша пікір алмасу болды.
Р.Азеведо өзінің жақында елімізге жасаған сапары барысында Қазақстанның сауда ресімдерін жеңілдету бойынша келісімнің ратификацияланғанын қанағатпен атап өтті. Сонымен қатар, ол қазіргі кезге дейін Интеллектуалды меншікті қорғау жөніндегі келісімге ДСҰ-ға мүше елдердің 62 пайызы қосылғанын хабарлай отырып, Қазақстан тарапы аталған құжатты жуық арада ратификациялау мүмкіндігін қарастырса деген өтінішін білдірді. Бұған қоса, Р.Азеведо Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмысына қатысуға қызығушылығын жеткізді.
Қазақстанның Тұрақты өкілі Ж.Айтжанова еліміздің ДСҰ-ның жаңа мүшесі ретінде ұйымның жұмысына белсенді қатысуға деген ниетін қуаттады және бұл қадамның Қазақстан Республикасының ғана емес, барша көпжақты сауда жүйесінің мүддесіне қызмет ететінін атап өтті.
«Егемен-ақпарат»

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28
Қаржы • Бүгін, 09:21
Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше