Кеше Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.С.Смолинның басшылығымен, Заңгерлер одағының, Судьялар одағының, Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері, оның ішінде жергілікті соттардың кейбір төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы мәселелер қаралды, аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымына кадр резерві қалыптастырылды, Сот жюриінің жұмысы туралы ақпарат тыңдалды.
Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты