Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2016 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа Комиссия мүшелері – республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтардың, журналистердің қоғамдық бірлестіктері мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан мемлекеттілігін нығайтудағы маңызды рөліне тоқталып өтіп, БАҚ өкілдерін алда келе жатқан кәсіби мерекелері – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.
«Отандық журналистиканың негізгі міндеті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытын ақпараттық-бұқаралық тұрғыда қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да біз ұсынылған материалдарды саралауда жоғарыда айтып өткен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және «Қазақстан-2050» Стратегиясының кеңінен насихатталғанына басымдық береміз», – деді Қоғамдық комиссия төрайымы.
Г.Әбдіқалықова Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің біріне айналуға деген ұмтылысын атап өтті. Бұл мақсатқа қол жеткізу жолында, әрине, журналистиканы қоса алғанда, өмірдегі барлық саланы инклюзивті дамыту көзделеді. «Қазақстандық масс-медиа ең биік халықаралық өлшемдерге сай болып, ел өміріндегі маңызды оқиғаларды шынайы түрде және біліктілікпен жариялап-көрсету ісін қамтамасыз етуге тиіс», – деді Мемлекеттік хатшы.
Биыл қоғамдық комиссия қарауына 78 ұсыным берілді, атап айтқанда, оның 67-сі журналистерге, 11-і шығармашылық ұжымдарға қатысты.
Қоғамдық комиссияның отырысы барысында журналистер материалдарының жоғары деңгейі, сондай-ақ, баспасөздің Қазақстан дамуының маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін жариялап-көрсету ісіндегі зор үлесі атап өтілді.
Талқылау қорытындысында қоғамдық комиссия БАҚ саласындағы президенттік марапаттарды тағайындау ережесіне сәйкес, ашық дауыс беру арқылы БАҚ өкілдеріне Президенттің екі сыйлығын, екі грантын тапсыру және төрт шығармашылық ұжымға Алғысын жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыным беру туралы бірауыздан ұйғарым жасады.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Бүгін, 21:45
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
Әлем • Бүгін, 21:30
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48