22 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ә.Р. Жақсыбековті Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Астана қаласының әкімі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 маусым.  № 287 *** Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ә.Ө. Исекешевті Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы Әсет Өрентайұлы Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 маусым.  № 288 *** Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ж.М.Қасымбекті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметіне тағайындау туралы Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалсын.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 маусым.  № 289 *** Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше