кәсіпорын 4 миллиард 56 миллион теңге өтемақы төлейді
Бір ай бұрын «Қазцинк» компаниясына қарасты Талов қалдық қоймасында апат орын алғаны белгілі. Шығыс Қазақстан облыстық табиғат қорғау прокуратурасы қазір Риддер кен-байыту комбинаты қызметіндегі экологиялық заң талаптарының сақталуын тексеруде.
Еске сала кетейік, қалдық қоймасында 22 мамырда айналымдағы суды шығару жүйесі құрылғысының бір жағы опырылып, нәтижесінде қоймадан аққан төгінді су Филипповка өзеніне құйылған болатын. Судың төгілуі 22 мамырдағы сағат 09:30-дан 25 мамырдағы сағат 14.00-ге дейін орын алған. Риддер кен-байыту комбинаты маркшейдер бөлімінің есебіне сәйкес, қоймадан аққан судың көлемі 394 452 текше метрді құрады.
Апат болған күндері облыстық экология департаментінің мамандары өзеннен бірнеше сынақ алды. Алынған сынақты талдау нәтижесінде су құрамында бірқатар ластану зат тектерінің бар екені анықталды. Осыған орай табиғат қорғау прокуратурасы департаментке «Қазцинк» ЖШС-тен қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру және апаттың себебін анықтау, заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Департамент қоршаған ортаға келтірілген шығынды есептеп, оның сомасы 4 056 237 772 теңге құрағанын анықтады.
Облыстық табиғат қорғау прокуроры Бақытжан Ізғұтдиновтің айтуынша, компания аталған қаржыны бір айдың ішінде бюджетке ерікті түрде құюы қажет.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН

Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31