22 Маусым, 2016

Астанадағы фестиваль

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_8635Елорда күніне орай «Сахнадан сәлем!» халықаралық театр фес­ти­валі өз жұмысын бастады. Биыл төртінші мәрте өткізіліп отырған театр мерекесі 20-26 маусым аралығында өз көрермендеріне көптеген тың жобалар ұсынбақ. Фес­тивальға Мәскеу қаласынан «Театр Лу­ны» және Киев қаласынан «PaperWall» өнер ұжым­дары қатысуда. Сонымен қатар, Орал, Шымкент, Жезқазған, Алматы, Ө­с­кемен, Семей қалаларынан келген театр ұжымдары елорда тұр­ғындарына өз өнерлерін көрсетпек. Кешті елімізге белгілі жас актер Әділ Ахметов пен Дәурен Серғазин жүргізді. Фестивальға қатысушылар өнеріне театр және кино саласының танымал май­талманы Еркін Жуасбек бас­таған қазылар алқасы баға береді. Сахна шымылдығын Астана қала­сының «Жастар» театры ашты. Жан-Пьер Пило мен Шуль­тездің «Моцарт» мюзик­лі қойылды. Қойылымның ре­жиссері – театрдың көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай. Оқиға желісі бойынша Моцарт анасынан айырылған соң бір­неше уақыттан кейін өзінің му­засы Констанцияны кез­дес­тіреді, жа­қындарының қар­сы­­лығына қарамастан екеуі қосы­лады. Париж халқына керемет, бірегей опералар сыйлап, халық­тың қошеметіне бөленеді. Осындай шат нотада қойы­лым өз мәресіне жетіп, театр ұжымы көрерменнің ыстық ықыласына бө­ленді. Театрсүйер қауым қойылым­дарды қаламыздың 3 театрынан тамашалай алады. Олар: Жастар театры, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма теат­ры және М.Горький атындағы мем­ле­кеттік академиялық орыс драма театры. Алдағы уақытта қа­­зақ және орыс тілдеріндегі он қойы­лым өз көрермендерін кү­теді. Ардақ САМАТҚЫЗЫ, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті