22 Маусым, 2016

Шарайна

300 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
шарайна-1Ұлыбритания Еуроодақта қала ма? Ертең Ұлыбританияда елдің Еуропалық одақта қалатынын, не қалмайтынын айқындайтын бүкілхалықтық референдум өткізілуі тиіс. Алғашында құрылымнан кеткісі келетін халық саны көп секілді көрінгенімен, кейінгі кездері бұл үдеріс кері сипат ала бастағандай. Соңғы сауалдама ұлыбританиялықтардың 53 пайызы елдің Еуро­палық одақта қалғанын қалайтынын көрсетіп берген. Қарсылар, сәйкесінше, 46 пайыз. Осы оң үдеріс Лондонның қаржы биржасында фунт стерлингтің бағамын долларға қарағанда 2 пайызға күшейткен. Осыған сәйкес, еуроның құны да 2 пунктке көтерілген. Сонымен, ұлыбританиялықтарды тарихи таңдау күтіп тұр. Қысқасы, Еуропадағы үлкен елдегі ахуал көпшіліктің қалауына байланысты қазіргі күйінде қалады немесе күрт өзгеріске ұшырауы ықтимал. Баллистикалық зымыран ұшырмақшы шарайна-5Солтүстік Корея елдің шығыс жаға­лауларынан «Мусудан» деп аталатын орта қашықтықтағы баллистикалық зымыран ұшыруға дайындалып жатыр. Бұл туралы кеше Оңтүстік Корея үкіметіндегі дерек көзіне сілтеме жасай отырып, «Ёнхап» ақпарат агенттігі хабарлады. «Дайындық жүргізіліп жатқаны анықталғаннан кейін біз жағдайды мұқият бақылауға алатын боламыз. Ұшырылымға «Мусудан» үлгісіндегі зымыран дайындалып жатыр деп санаймыз», дейді агенттікке кім екенін айтудан бас тартқан дерек көзі. Ұшырылымға дайындық жүргізіліп жатқаны туралы ақпаратты жапониялық дерек көздері де қуаттаған. Олардың мәліметтеріне қарағанда, ұшырылым алдағы сенбі, 25 маусымда жүзеге асырылуы мүмкін. Өйткені, Корей түбегіндегі 1950-1953 жылдар аралығындағы соғыс сол күні басталған болатын. Ресейге қарсы санкция ұзартылады Еуроодақ тарапынан Ресейге қарсы санкцияларды ұзарту шарайна-2мәселесі шешіліп қойған, бірақ жарты жыл бедерінде санкциялық режім босаңсытылуы ықтимал. Бұл туралы «Euronews»-ге сұхбатында Еурокомиссияның басшысы Жан-Клод Юнкер мәлімдеген. Юнкер мырза Санкт-Петербургте өткен бизнес-форумда Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларды бірте-бірте жеңіл­детуіне мүмкіндігі бар екенін көлденең тартқан еді. Бүгінде басқаша пікір білдіріп отыр. Ал режімнің босаңсытылуы Минск уағдаластықтарының орындалуындағы прогреске тікелей бай­ланысты болмақ екен. «Дәл қазір біздің санкцияларды ұзартатынымыз айдай анық. Алайда, келесі 6 ай ішінде мониторинг жалғастырылады. Әрі қарайғы шешім де соған байланысты болады», дейді Еуро­комиссия төрағасы. Қысқа қайырғанда:
  • Ресейдің әуе және зымыран шабуылдарынан қорғаныс әскерлері жақын қашықтықтағы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сынақтан өткізді. Бұл туралы кеше Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады.
  • Эксетер университеті астрофизиктерінің халықаралық тобы белгілі экзопланеталардың ішіндегі ең жасы деп саналатын, К2-33b деп айдар тағылған планетаны байқап қалған. Ол Жерден 500 жарық жылына тең қашықтықта орын тепкен көрінеді. Бұл жаңалық «Nature» журналында жарияланыпты.
  • Ресей Либерал-демократиялық партиясының серкесі Владимир Жириновский егер ресейлік жеңіл атлеттер Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпия ойындарына бару құқынан айырылса, онда Еуропада өңірлік Олимпия ойындарын ұйымдастыруды ұсынды. Бұл туралы кеше ТАСС хабарлады.
  • Америкалық 6 жасар қыз ескек есу слаломынан Олимпиада чемпионы Джо Якобидің алтын медалін тауып алған. Медальды Атлантада спортшының автокөлігінен белгісіз біреулер ұрлап кеткен көрінеді. Ал марапатты қыз бала отбасымен орманда серуенде жүрген кезінде тауып алса керек. Сөйтіп, ол трофейді иесіне интернет арқылы қайтарып беріпті.
шарайна-3Ықтимал лаңкес-жанкешті ұсталды Бельгияның астанасы Брюссель қаласында теракт дайындаумен айналысты деген күдікпен бір адам тұтқындалған. Сөйтіп, қала орталығында жарылыс болуы мүмкін деген қауіппен дабыл қағылды. Бұл туралы кеше DH.be хабарлады. Полиция Бельгия астанасының орта­лығындағы ірі сауда кешендерінің бірін қоршап тастады. Ал күдіктіден жанкештінің белбеуі табылған. Бірақ белбеудің ішінде жарылғыш заттың болғаны немесе болмағаны әзірше белгісіз. Оқиғаға орай Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жедел мәжіліс өткізген. Үстіміздегі жылғы нау­рыз айының соңында Брюссельде жасалған лаңкестіктен кейін Бельгияда тұрақты негізде контртеррористік операциялар өткізіліп тұрады. Сол кезден бері 12 күдікті қамауға алыныпты. шарайна-6Алты жылдан соң тағылған айып Варшаваның округтік соты генерал Павел Белавныйды 2010 жылы президент Лех Качиньскидің Смоленскіге сапа­рын дұрыс ұйымдастырмағаны үшін 1,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Бұл ақпаратты да «Новости» агенттігі таратты. Сол кезде Белавный Польша үкіметі күзет бюросы бастығының орынбасары екен. Оған жоғары лауазымды тұлғалардың Ресейге сапарын ұйымдастыруда өз міндетін тиісті деңгейде орындамады деген айып тағылыпты. Генерал өзінің кінәсін мойындамаса керек. Бортында президенттен басқа көптеген жоғары лауазымды адамдар болған Ту-154М ұшағы 2010 жылдың 10 сәуірінде Смоленск түбінде апатқа ұшырағаны белгілі. Апат салдарынан ұшақтағы жолаушыларды қоса есептегенде 88 адам қаза тапқан болатын. Интернет материалдары негізінде әзірленді
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше