Республика өңірлерінде біліктілігі мен кәсіби деңгейі жоғары журналистердің аз екені соңғы кезде жиі айтылып жүр. Мұның себебі неде? Осы сауал төңірегінде облыстағы бірқатар БАҚ басшыларымен ой-пікір алмасқан едік.
Аймақтағы екі облыстық және он төрт аудандық газетті біріктіріп отырған ірі медиахолдинг – «Жайық Пресс» ЖШС-тің бас директоры Жантас Сафуллиннің айтуы бойынша, жоғары оқу орындарында болашақ журналистердің сапалық деңгейіне баса мән берілуі керек. Оны іріктеу ең алдымен әл-Фараби және Л.Н.Гумилев атындағы жоғары оқу орындарының журналистика факультеттеріндегі шығармашылық конкурсқа қойылатын талаптарды көтеруден бастау алғаны жөн.
Аймақтық университеттерде ашылған журналистика бөлімдері өзін-өзі ақтай алмады. Мұның сырын тиісті материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігінен және сабақ беретін оқытушы-профессорлардың тапшылығынан іздеген орынды. Мысалы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Әсет Тасмағамбетовтің айтуынша, 2005-2008 жылдары филология факультеті жанынан журналистика мамандығы бойынша жоғары білім берілген. Кейін жабылып қалған. Бұған қажетті грант бөлінбегені, үміткерлердің аз болғаны себепші болған.
Журналистика саласында электрондық ақпарат құралдарының алатын үлесі жылдан-жылға өсіп келеді. Орал өңіріндегі бұл істің жай-күйі қандай? Бұл сауалды «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Асыланбек Ғұбашевке қойған едік. Оның жауабынан көңілге түйгеніміз, Алматы мен Астанада БАҚ мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер филиалда өндірістік тәжірибеден өтеді екен. Өйткені, өңірлер олардың кәсіби дағдыларды меңгеруі және қажетті технологиялармен жұмыс істеуге үйренуі үшін ыңғайлы әрі қолжетімді. Әйтсе де әр жыл сайын тәжірибеден өтетін 7-8 студенттің өңірге оралуы некен-саяқ. Негізінен олар тұрмыстық және шығармашылық мүмкіндіктердің төмендігін және жалақының аздығын алға тартатын көрінеді.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
Батыс Қазақстан облысы

«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан • Бүгін, 17:23
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15
Цементке сұраныс артты: Баға 13,7 пайызға қымбаттады
Экономика • Бүгін, 16:59
Маңғыстауда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:40
Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді
Денсаулық • Бүгін, 16:20
Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 16:13
Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57