22 Маусым, 2016

Америка кубогы. Аргентина финалға шықты (видео)

342 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_47886" align="aligncenter" width="700"]160622-argentina vk.com[/caption] Футболдан АҚШ-та өтіп жатқан Америка кубогы турнирінің жартылай финалында Аргентина құрамасы АҚШ командасымен Хьюстон қаласында кездесті. АҚШ – Аргентина 0:4 Стадион: «Рельянт». Төреші: Энрике Касерес. АҚШ: Гузан Брэд, Йедлин ДеАндре, Кэмерон Джефф, Брукс Джон, Йонсон Фабиан, Зуси Грэм, Брэдли Майкл, Беккерман Кайл (Бирнбаум Стив 60), Зардес Гьяси, Вондоловски Крис (Пулишич Кристиан 46), Демпси Клинтон (Нагбе Дарлингтон 78). Аргентина: Ромеро Серхио, Меркадо Габриэль, Отаменди Николас, Фуньес Мори, Рохо Маркос (Куэста Виктор 84), Фернандес Аугусто (Билья Лукас 60), Маскерано Хавьер, Банега Эвер,  Месси Лионель, Игуаин Гонсало, Лавесси Эсекьель (Ламела Эрик 67). Голдар: Лавесси Эсекьель 3, Месси Лионель 30, Игуаин Гонсало 50, 86 Ескерту алған: Вондоловски Крис 31 Өткен жылы дәл осы турнирдің финалында Аргентина Чили құрамасынан жеңілген болатын. Биылғы кезектен тыс өтіп жатқан Америка кубогын жеңу үшін барын салуда. Жолында кездескен қарсыластарын ірі есеппен ұтып келген «альбиселесте» ойыншылары АҚШ командасын да ойсырата жеңді. Лионель Месси бастаған команданың соққан төрт бірдей голына АҚШ есе қайтара алмады. Кездесу Аргентинаның айқын басымдылығымен өтті. Төрешінің ысқырығы шалына сала шабуылға көшкен олар небәрі 3-минутта есеп ашты. Мессидің әдемі пасын жерге түсірместен қақпаға бағыттаған Лавесси алғашқы голдың иесі атанды. Ал «Барселона» футбол клубының ойыншысы бұл ойында да голсыз қайтпады. 30-минутта айып добын орындаған ол Гузан Брэд тұрған бұрыштағы тоғыздыққа дәл түсірді. Қақпашы бұл соққыға төтеп бере алмады. Осының арқасында өз құрамасының тарихында Габриэль Батистутадан озып, үздік сұрмерген атанды. Аргентина мұнымен қоймай, екінші таймда қарсыластарына тағы екі допты тоғытты. Матчтың 50-минутында Эсеккель Лавессидің әуелеткен добына қақпашыдан бұрын үлгерген Гонсало Игуаин есепті еселей түссе, ойын аяқталар тұста, Мессидің пасын бос қақпаға соғып, екі голдың авторы атанды. Аян Әбдуәли.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше