23 Маусым, 2016

Ынтымақтастық ауқымы кең

276 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
100-851Бүкіләлемдік туристік ұйым ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 2017 жылдың маусым айының соңына таман «Туризм және Болашақ энергиясы» атты бірлескен кон­фер­ен­ция өткізуді жоспарлап отыр. Форум Бүкіләлемдік туристік ұйымға мүше 150-ден астам мемлекеттің туризм министрлерінің қатысуымен ұйымдастырылмақ. Бұл жөнінде Мадридте өткен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) арасын­дағы ынтымақтастық туралы мемо­рандумға қол қою рәсімі кезінде белгілі болды. Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акцио­нерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен БТҰ Бас хатшысы Талеб Рифаи қол қой­ды. «Көрме аясында өт­кіз­гелі отыр­ған бұл форум Қазақ­стан­дағы туризмнің тұрақты дамуы үшін тиімді алаң болады деп са­най­мыз. Өйткені, «Астана ЭКСПО-2017» келесі жылы өтетін әлемдегі ең ауқымды халық­ара­лық іс-шара­лардың бірі, ал БТҰ – туризм са­ла­сындағы алдың­ғы қатардағы ұйым», – деді Ахметжан Есімов. Меморандум шарттары бо­йын­ша Ұлттық компанияның Бүкіл­әлемдік туристік ұйым­ның «Жібек жолы» бағдар­лама­сы бойынша жұмыс тобының оты­­­­рыс­­тарына қатысуы, сон­дай-ақ, Көрмеге жолнұс­қау­шы­лар (гид) даярлау және туро­пера­торларға арналған тре­нинг­­тер өткізу мәсе­лелері қарас­­ты­рыл­ған. «Қол қойылған мемо­рандум біздің ұйым­­дар ара­сын­дағы екі­жақты ын­ты­мақ­тас­тық­ты жаңа бір дең­гейге шыға­рып, Қазақ­стан­ның турис­тік бренд ретінде ілгерілеуіне мей­лін­ше ықпал ете­ді деп үміт­тене­мін», – деп атап өтті Талеб Рифаи оты­рыста сөй­леген сөзінде. Өткен аптада Мадрид сапа­ры ба­ры­сында Ахметжан Есімов бас­­қарған делегация «ТУРИСПАНИЯ» ұйымымен сәт­­ті келісім жүргізген болатын. Екі жақ ірі халықаралық іс-ша­ра­­лар кезін­де шетелдік турис­­тер­ді тарту мен қабылдау мәсе­ле­­­сін талқылап, сон­дай-ақ, Қазақ­­стан­­дағы туристік ба­ғыт­­тар­ды іл­­гері­лету бойынша келі­сімді жал­­ғ­ас­­тыратындығын айт­­ты. Сонымен бірге, Париж­де өт­кен Халықаралық Көрме­лер бюро­сының (ХКБ) Бас Ас­самб­лея­сының 159-сессия­сын­да «Астана ЭКСПО-2017» делега­ция­­сы­ның есепті баяндамасы тың­дал­ды. Осы баяндамада келесі жыл­дан бастап Қазақстан бір жақ­ты тәртіп негізінде басым көп­ші­лігі Еуро­одаққа кіретін, Эконо­ми­ка­лық ынтымақтастық пен даму ұйы­мына мүше Монако, Ма­лай­зия, Сингапур және басқа да 35 мем­­лекеттерді визалық ре­жім­­­нен бо­са­татындығы атап көр­­се­­тіл­ді. Бұл шешім Қазақ­стан­да­ғы ха­­лық­­­аралық іс-шара­ларға, әсі­ресе, Ас­­танадағы ЭКСПО-2017 ха­лық­­ара­лық маман­дан­ды­рылған көр­ме­­сіне шетелдік туристердің көп­теп келуіне игі ықпал ететін болады.  Ұлан САНЖАР