23 Маусым, 2016

Салидат Қайырбекова ауыр халде ауруханаға жатқызылды

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-06-16-kairbekova

Tengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова ауыр халде Астана ауруханасына жатқызылған. «Иә, оның жағдайы қазір тұрақты ауыр халде», - деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова. Салидат Қайырбекова бұрын Денсаулық сақтауминистрі болған. Кейін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бірінші орынбасары болды. Ал 2015 жылғы қазан айынан «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамын басқарды. Қазір  «University Medical Center» корпоративтік қорын басқарады. Талғат Райымбек.