Кәсіпкерлер палатасында шағын несиелеудің жаңа бағдарламасына қатысуға өтінім берген кәсіпкерлердің жобалары қаралды. Олар Ақсу, Балқаш, Кербұлақ аудандарының кәсіпкерлерінен түскен 7 өтінім. Несие комитетінің шешімі бойынша барлық өтінімдер бірауыздан мақұлданды. Еске салалық, шағын бизнес субъектілері үшін 600 млн. теңгені «Атамекен» ҰКП және Алматы облысы әкімдігі бөлді.
«Қант қызылшасын өсіру жайлы төрт жоба, мал шаруашылығы бойынша екі және жалпы сомасы 34 млн. 300 мың теңге арпа өсіру жөніндегі бір өтінім мақұлданды. Қарыз алушылар – шаруа қожалығы өкілдері және жеке кәсіпкерлер екендігін баса айту керек»,– дейді Алматы облыстық Кәсіпкерлері палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына шешімдер хаттамалары берілді. Оларды қараған соң қаржы ұйымы қарыз алушылармен қарыз алу және ақша құралдарын одан әрі аударуға арналған кепіл шартын жасайды. Сонымен қатар, шағын несиелеу бағдарламасы бойынша қор 62 өтінім жөнінде қаржы-экономикалық талдау, заңгерлік сараптама жүргізеді. Жағымды шешім шыққан жағдайда жобаларды Несие комитетінің мүшелері қарайды.
Атап өтелік, комитеттің алғашқы мәжілісінде жалпы сомасы 75 млн. теңгеден астам 20 өтінім қаралды және мақұлданды. Бұл жобалардың барлығы өңірдің қызылша саласын дамытуға бағытталған. Шағын несиелеу бағдарламасының басты ерекшелігі – жер учаскелерін, тұрғын үй құрылыстарын және басқадай мүлікті кепіл ретінде қарау. Сондай-ақ, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрайды, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 6,7%-дан аспайды.
«Егемен-ақпарат»

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше