25 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы  №1029 

277 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 25 желтоқсан,Астана қаласы Инфляцияның деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша кейбір мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларының 5, 8, 9, 14, 16-тармақтарына сәйкес бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауға өтініш нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес sms-хабарлар журналының нысаны бекітілсін. 2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1029 бұйрығына 1-қосымша Нысан Ауданның коды __________________ Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің _________________ бойынша департаменті Өтініш Туған күні 19 __ ж. «___» ______________, _____________________________________мекенжайында тұратын азамат (ша) __________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық) Менің жеке зейнетақы шотым ______________________________________________________________________ Менің ЖСН _____________________________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: № _____________________________ Кім берді _________________ Берілген күні _________________________ Инфляция деңгейін ескере отырып, маған ______________________________________________________________________________________________ міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауды сұраймын. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін жауапты боламын. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотының болуы және ________________________________________ міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді сұратуды өтінемін. Инфляция деңгейін ескере отырып, ________________________________________________________________ (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Инфляция деңгейін ескере отырып, _________________________________________________________________ (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабарлауға келісім беремін. Өтініш берушінің байланыс деректері: үй телефоны _________ ұялы телефоны ____________ E-mail ____________ Өтініш берген күні___________________ Өтініш берушінің қолы _______________ Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші 20___ ж. «___» № ____________ қабылданды, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы: ________ Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі: Р/с № Құжаттың атауы Құжаттағы парақтардың саны Ескертпе --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- (қию сызығы) Азамат (ша) __________________ өтініші № ___________ болып тіркелді. Құжаттарды қабылдаған күн _____________________ Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы: ____________ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1029 бұйрығына 2-қосымша Нысан Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешім Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ______________ бойынша департаментінің 20 ___ жылғы «__» ______________ №______ шешімі Іс №____________ Инфляция деңгейін ескере отырып, _____________________________________________ (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) Азамат (ша) ____________________________________________________ Жынысы ____________ Туған күні 19 ___ ж. «__» ____________________ Өтініш берген күні 20 ___ ж. «__» ___________ № ____________________ 1. Инфляция деңгейі ескерілген сома: міндетті зейнетақы жарналары бойынша ________________________________________ теңге; (сомасы жазбаша) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша сомасы __________________________ теңге (сомасы жазбаша). 2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы (керегін толтыру қажет): міндетті зейнетақы жарналары бойынша _____________________________________ теңгені; (сомасы жазбаша) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша ________________________________ теңгені (сомасы жазбаша) құрайды. 3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, ____________________________________________________________________ (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасы: _____________________________________ теңге мөлшерінде тағайындалсын. (сомасы жазбаша) 4. Айырма төлемінің сомасын тағайындаудан бас тартылсын ________________________________________ (негіздеме) М.О. Департамент директоры ________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Басқарма (бөлім) басшысы __________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Тағайындау жөніндегі маман _________________________________ _________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Шешім жобасы дайындалды: М.О. Бөлімше бастығы ______________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Бөлімше маманы ___________________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1029 бұйрығына 3-қосымша Нысан Sms-хабарлар журналы _________________________ (төлемнің түрі) р/с № Жеке сәйкестендіру нөмірі Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туған күні Істің № Sms-хабар жіберілген күн Телефон № Маман _________________ бөлімшесі бойынша Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 12645 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше