25 Маусым, 2016

«Нұр Сұңқардың» жеңімпаздары анықталды

363 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ERA_9515+Кеше Байланыс және ақ­парат қызметкерлері күні қар­саңында «Нұр Отан» пар­тия­сының Орталық ап­пара­тында журналистер ара­сын­дағы дәстүрлі «Нұр Сұң­­қар» республикалық бай­қауы­ның жеңімпаздарын мара­паттау салтанаты болып өтті. Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов төрағалық еткен арнайы құрылған комиссия бір ай көлемінде байқауға түрлі жанрдағы, атап айтқанда, очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радиобағдарламалар, журналистік зерттеу, сондай-ақ, жарияланымдар мен бағдарламалар циклы бойынша материалдар қабылдады. Комиссия құрамына еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының ең беделді өкілдері кірген. Байқауға қатысу үшін журна­лис­тердің Елбасы, «Нұр Отан» пар­тиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев­тың алдыға қойған міндеттері мен тапсырмаларының жүзеге асу барысына, «Қазақстан-2050» Стра­тегиясының басымдықтарына, «Нұр Отан» партиясы Доктринасының қағи­даларына және партия бастама­ларына арналған жұмыстары қа­былданды. Сөйтіп, «Нұр Сұңқар» байқауы­на республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құрал­дарынан 230-дан астам өтініш келіп түсті. Олардың ішінен 83 жұмыс іріктеуден өтті. Қорытынды кезең бойынша, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша сыйлыққа «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Татьяна Костина ие болды. «Нұр Отан» партиясының жұ­мысы жөніндегі ең үздік мате­риалға арналған сыйлық «24.kz» те­ле­арнасындағы «Сұхбат» бағ­дар­ламасының авторы және жүр­гі­зу­шісі Ерлан Игісіновке берілді. Үздік телевизиялық журналис­тер­ге берілетін «Ерекше пікір» ата­лы­мына бірден екі үміткер лайық деп та­нылды. Олар – «Хабар» агенттігі сарап­тамалық бағдарламалар бөлі­мінің тілшісі Айгүл Әділова мен «Қа­зақстан» телеарнасының арнаулы тілшісі Әлімжан Исабай. «Сөз шебері» аталымы бойынша үздік журналист ретінде «Айқын» газетінің редакторы Бейсен Тәжібаев жеңімпаз атанды. «Қоғам үні» аталымында үздік радиожурналист атағы «Орда FM» ра­диосының дикторы Ерлан Сисеновке берілді. «Аймақ айнасы» аталымы бойын­ша жеңіс «Егемен Қазақстан» га­зеті­нің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Оралхан Дәуітовке бұйырды. «Шымкент келбеті», «Оңтүс­тік Қазақстан», республикалық «Түр­кістан», «Жас Алаш» газеттерінде жұ­мыс істеген Оралхан Дәуітовтің журналистика саласында еңбек етіп келе жатқанына жиырма жыл­дың жүзі болды. Осы уақыт ішінде қаламы жүйрік әріптесіміз талай мәселе көтеріп, тұщымды дүние­лері­мен оқырманды тәнті етті. Бірнеше жылдан бері «Егемен Қазақстан» газетінде жемісті еңбек етіп келеді. ERA_9448+Ақпарат агенттігінің үздік жур­налисіне берілетін «Медиа-профи» аталымына NUR.kz сайтының тілшісі Юлия Абрамова лайық деп танылды. «Көзқарас» аталымы бойынша үздік блогерлер ретінде Шолпан Әли мен Қанат Әуесбай жеңіске жетті. Жеңімпаз жүлде­гер­лерге 500 мың мен 1 миллион теңгеден ақшалай сыйлық табыс етілді. «Нұр Сұңқар» – партия мен БАҚ өкіл­дері арасындағы әріптестікті жә­не ын­тымақтастықты дамытуды көз­­дейтін Қазақстанның барлық жур­на­­лисіне арналған дәстүрлі ашық бай­қау. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, Журналист