Шымкент шаһарын ұнатты
Фуми есімді жапон жиһанкезінің Шымкентте жүргеніне он күннен асып кетті. Оның мәнісі қызық. Бір топ мотоциклші Ыстықкөлге демалуға бара жатып, құла дүзде жалғыз өзі тамақ ішіп отырған шетелдікті байқайды. Әуестікпен сұраса, бір жыл бұрын жолға шыққан 28 жастағы жапон жігіті велосипедпен Австралияға дейін жетпекші екен. Ескі велосипед, азын-аулақ тамақ, көр-жер салынған жол қапшық. Бар жабдығы осы.
Токиодан тәуекелдің қайығына мініп, «құдай жарылқасын» деп аттанып кеткен жапон жиһанкезі Жер шарын біраз шарлап, Қазақстанға келген. Астана, Алматы, Тараз қалаларында болған. Жиһанкез деген қызық халық қой. Күй талғамайды. Таңғы асын тәңірден көріп, ершікке қонып жолды-жолсыз жерді әбден шиырлап, талықсып барып қоналқаға құлайды. «Мен де бір құдайдың құлымын. Маған көмектесіңдер», деп ешкімге бәлсінбейді. Түз бен адамның жыртқышынан басқа қорқары жоқ.
Оңтүстіктің жігіттері ер көңілді. Жападан жалғыз жүрген, әбден күйі тайған жапон жиһанкезін жақсылап күтіп алу үшін Шымкенттегі велоқауымдастық мүшелеріне хабар береді. Мұндағы сан алуан ұлтының бәрі заты да, жаны да дархан қазақ болып кеткен. Олар мейманды қонақүйге орналастырып, аста-төк дастарқанмен күтеді.
Бұл жағдай кісікиік деңгейіне жеткен жапон жігітін қатты таңдандырыпты. «Менен сендерге еш пайда жоқ, неліктен ықыластарың түсіп жатыр?» деп ыңғайсызданады екен. Әу баста Фумидің жоспарында Шымкентте екі күн аялдап, Ташкентке өту екен. Алайда, Ташкентте саммит өтіп жатқандықтан, 26 маусымға дейін шекара жабық. Сондықтан, шымкенттік велосипедшілер оны бұрын жапон тұтқындары жұмыс жасаған Байжансай кен орталығына апарып келген.
Екінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түскен жапон солдаттары салған мектеп Жиынбай ауылында әлі күнге дейін мызғымай тұр. Отандастарының ізі қалған жерде жүрген Фумидің шымкенттіктерге ықыласы ерекше.
–Дүниенің талай түкпірінде болдым. Бірақ Шымкенттің тұрғындарындай ешкімді жатырқамайтын, жақынындай бауырына басатын жұртты көргенім жоқ. Мен осы жерден нағыз достар тапқаныма өте қуаныштымын, – дейді ол.
Қазақ қонажайлығынан бөлек Шымкент асханасын да келістіріп мақтаған Фумиге велосипедке арналған аяқ жолдың болмауы ыңғайсыздық туғызбаған. «Әлемге әйгілі Токио да веложолымен мақтана алмайды» деп жуып-шаяды ол.
Айтқандай, велоспортқа қызығу Шымкентке де қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге жетті. Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровтың қолынан сыйлыққа велосипед алған әкім анда-санда ершікке қонып, қала аралайды. Қала әкімін Шымкенттегі экологиялық ахуал алаңдататын болу керек, бір мезгіл машинаны қойып, елді ершікке отырғызуды ойластырып жүр. Жақында шетелден велосипедтің үлкен партиясы келді. 40 велотұрақ орны дайындалып жатыр. Сағатына 100 теңге төлеп, мініп кете аласыз. Ұрлық туралы сөз болуы мүмкін емес. Әр шайтанарбаға GPS орнатылған.
Күнде велосипед мінгендер арасынан жапон Фуми сияқты қазақ жиһанкездері де шығар-ау.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті
Бокс • Бүгін, 12:02
Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында Иордания боксшысынан жеңілді
Бокс • Бүгін, 11:40
Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Бокс • Бүгін, 11:27
Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30