09 Шілде, 2016

Қырық жылдыққа – 40 терек

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шайзадан сурет Биылғы жылдың тамыз айының соңында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауы­лындағы Абай орта мектебінде, осы білім ошағын 1976 жылы бітіріп кеткен түлектердің 40 жылдан кейінгі кездесуі өтпек. Қазіргі күндері жастары елудің бел ортасынан асқан мектеп түлектері өз кездесулерін мәнді өткізіп, арттарында із қалдыру үшін өздері туып-өскен ауыл мен оқыған мектептеріне жасыл желекке көмкерілген бақ тартуды жөн көріпті. Осыған орай, дайындық жұмыстары ерте басталып кетті. Мамыр айында болашақ бақтың орны жос­парланып, ол бұл күндері Алматы қаласында тұрып жатқан түлектер жіберген қоршаулармен қоршалынды. Содан кейін туған ауылдарында еңбек етіп жатқан Фарида Қалиханова, Тоқ­таш Әбдіхалықов, Әлкен Оспанов, Шайза Сағымбаева, Ғалия Бейсенова, Жанайхан, Марфуға, Ғайни, Ермұхан, Қарлығаш секілді түлектер екі қолдарын сыбанып, алдын ала дайындалған кө­шеттерден бақ отырғызуға кірісті жә­не оны күтімге алды. Бұл жұмыстар «Қырық жылдық кездесуге – 40 терек» деген ұранмен жүрді. Қарабұлақтық түлектердің бұл бас­тамасы ауылдан ауылға жетіп, аудан басшылығының да құлағына тиген екен, басшылық мектеп түлекте­ріне алғыс хат тапсырып үлгеріпті. Осы жұмыстардың барлығын ұйым­дастыруға бұл күндері сол Абай ор­та мектебінің директоры болып қыз­мет ететін Фарида Қалихинованың  бастамашылдық еткендігін айта кетпе сек болмас. Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше