10 Шілде, 2016

«Еуро-2016»: Финалға кім қалай жетті? Деректер не дейді?

270 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

10-07-16-football-1

Euro-2016 сайтында жарияланған ақпарға қарағанда, Франция құрамасының бас жаттықтырушысы Дидье Дешам Португалия тактикалық жағынан икемді, иілгіш команда болғандықтан, оның қарсы шабуылы қауіпті деп есептейді. Ал португалдар ұстазы Фернанду Сантуш француздар құрамындағы кез келген ойыншыны қауіпті деп отыр. Командалардың болжамды старттық құрамдары мынадай: Португалия: Руй Патрисиу; Седрик, Пепе, Фонте, Геррейру; Вилльям Карвалью, Адриен, Жоау Мариу, Саншеш; Нани, Роналду. Ал Пепенің шығу-шықпауы белгісіз. Пепе белінен жарақат алып қалуына байланысты Уэльспен ойынға шыға алмады. Бірақ, Сантуштың айтуынша, ол жексенбі күні ауыру сезінбеген. Сол сияқты Вилльям Карвалью жартылай қорғаныстың орталық шебінде Данилудың орнына ойнайды деген болжам бар. Франция: Льорис; Санья, Косцельны, Юмтити, Эвра; Погба, Матюйди; Сиссоко, Гризманн, Пайе; Жиру. Француздар жартылай финалда Германиямен ойнаған құрамымен шығады делініп отыр. Жергілікті баспасөз тек алаңның орта шебінде Н'Голо Канте пайда болуы мүмкін деген ойды алға тартады. БАҚ-тар сондай-ақ өткен ойындағы сенімсіз әрекетінен кейін Димитри Пайе запаста қалуы мүмкін екенін жазып жатыр. Португалия құрамасының бас жаттықтырушысы Фернанду Сантуш: -Мен біздің мақсатымыз финалға шығып, онда жеңіске жету екенін бұдан бұрын да айтқанмын. Біз қазір өз күшімізге толық сенімдіміз. Сондықтан португал халқын қуанышқа бөлегіміз келеді. Мен сондай-ақ Франция құрамасы туралы көп толғап, айтып жатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Себебі, жұрт оны онсыз да жақсы біледі. Мен ең басында Франция, Испания және Германия тәрізді үш фавориттің бар екенін мәдімдеген болатынмын. Кейін басқа да үміткерлер шыға бастады. Солардың қатарына Португалия да кірді. Егер мен орындаушылар жайына келсем, біздің олардың әрбірі мазасыздандырады. Өйтетін болсам, мен Франция құрамасы ойыншыларын түгел атап шыққан болар едім. Олардың әрбірі ойынның тағдырын шешіп кетуге лайықты. Бірақ Португалия да күшті команда. Онда матчта қалай жеңіске жетуге болатынын жақсы білетін жарқыраған тұлғалар да бар. Франция құрамасының бас жаттықтырушысы Дидье Дешам: -Бізде Еуропа чемпионы атанатын мүмкіндік бар. Менің 2000 жылы ойыншы ретінде чемпионатты ұтып алғаным – өткеннің ісі. Қазір басқа тарих келді. Енді жаттықтырушы ретінде сондай құрметке бөленгім келеді. Рас, сол кезден қалған жақсы, пайдалы тәжірибе бар. Соны пайдаланып қалуға ұмтыламын. Бірақ мен өткенді айта бергенді қаламаймын. Ендігі кезде тек осы шақ пен келер шақтың ғана мағынасы бар. Португалия – өте күшті, ол финалға бекерден-бекер шыққан жоқ. Турнирдің басында біз секілді, португалдарды да жұрт қатты сынады. Бірақ біз де, олар да финалға шыға алдық. Бұл – тактикалық сызбасын қарсыласына қарай өзгертіп отыратын өте тәжірибелі команда. Ол қорғаныс шебінде өте сенімді ойнайды. Португалдар жоғары қысымды прессинг пайдаланбайды, бірақ екі форвардының жүйріктіктеріне арқа сүйеп, өте шұғыл қарсы шабуылдарға шығып тұруға бейім. Репортерлер көзқарастары Джо Уокер, Португалия (@UEFAcomJoeW) -Чемпионаттың басында Исландиямен тең (1:1) ойнаған Португалияның финалға шығатыны ешкімнің қаперіне келген жоқ. Бірақ тап солай болып шықты. Есесіне сантуш ең басынан өз командасының турнирді ұтып алатынын айтумен болды. Міне, ол соған бір қадам жерде тұр. Пепенің оралуы португалдардың сенімін арттырады. Енді тек Поль Погбаға қарсы ойнайтын Вилльям Карвалью бола ма, әлде Данилу бола ма, - соны ғана шешіп алу керек. Егер Криштиану Роналду валлиліктермен өткен жартылай финалдағы деңгейінде ойнаса, португалдар өз өмірлеріндегі тұңғыш трофейлерін осы жолы ұтып алады. Дэвид Кроссан, Франция (@UEFAcomDavidC) -Француздар өз армандарын іс жүзіне асыру үшін бұл финалды ұтуға міндетті. Дешамның командасы биылғы жылы көптеген проблемаларға тап келді. Бірақ соған қарамастан, ұдайы жақсы ойын көрсетіп отырды. Француздар беттеген жолдарынан ауытқымай, ілгері жылжи берді. Қазір енді команда Антуан Гризманн кейпіндегі жаңа жұлдызға қол жеткізді. «Үш түстілердің» жеңіске жетулеріне жанкүйерлер қосатын үлес те аз болмайды. Сіз білесіз бе? Роналду мен голкипер Руй Патрисиу осы чемпионаттағы ойын ең көп – 600 минут уақытты алаңда өткізген ойыншылар болып табылады. Матч туралы мәліметтер
  • Бұл финалдық ойынға дейін Франция құрамасы Еуропа чемпионатында екі рет жеңіске жеткен.
  • Португалия екінші мәрте финалға шығып отыр. Ол 2004 жылы өз елінде өткен құрлық чемпионатының финалдық кездесуінде Грекия командасына жол беріп қойған еді.
Матч өтетін жер Ол Париж түбіндегі Сен-Дени қаласындағы «Стад-де-Франс» стадионында ойналады. 80 000 орындық бұл спорт аренасы 1997 жылғы 1 қаңтар күні ашылған болатын. Матчқа қазылық етушілер Матч рефериі: Марк Клаттенбург (Англия), рефери көмекшілері: Саймон Бек (Англия), Джейк Коллин (Англия). Төртінші рефери: Виктор Кошшои (Мажарстан). Қосымша рефери көмекшілері: Энтони Тейлор (Англия), Андре Марринер (Англия). Командалардың бұған дейінгі кездесулері Франция – Португалия құрамалары осы кезге дейін өзара 24 рет кездескен. Соның 18-інде Франция, 5-інде Португалия жеңіп, 1 ойын ғана тең аяқталған. Доп айырымы: 49 – 28, француздардың пайдасына. Франция португалдарды соңғы 10 кездесуінде де ұтқан болатын. Осымен оның бұл командаға қатысты жеңісті жолы 40 жылдан астам уақыттан бері жалғасып келеді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше