Вашингтон. «Ақ үйден» онша алыс емес. Көшеде анадайдан сөйлеп: «Қазақсыздар ма?» – деп күле жақындаған егде әйел қазақ екенімізді білгенде керемет қуанған. «Қазір жақсы болды, елден адамдарды жиірек көретін болдым. Сол себептен сағынып кеткенде осылай қарай аяңдап, іссапарға келген қазақтарды көріп, қазақша сөйлеп, шерімді тарқатып аламын», – деген апайға: «Иә, апай, қайдан жүрсіз, сөзіңізге қарағанда мұнда біраздан тұратын тәріздісіз?» – дедім, «Айналайын-ай, жалғыз қызым бар еді, сол оқимын деп мұхит асып, одан американдыққа тұрмысқа шықты. Жыладым, сықтадым, бірақ қайтейін, қызым шешімін өзгерткен жоқ. Содан қызыма деген сағынышым қоймады, бірнеше жылдан кейін Тараздағы үйімді тастап көшіп келдім – деп бастады әңгімесін танысым. Алғашында тіл білмей қатты қиналдым, енді қазір дүкеннен өзіме қажетті сатып алатындай тілдік қорым бар. Немерелерім грандмазе, грандмазе дейді, бірақ қазақтың немересіндей емес, аптасына бір көрсем разымын. Олар мені, мен оларды түсінбей, қызымды көзімнің аясында көргеніме медет қылып жүріп жатырмын. Екі жылда бір рет Таразға барып, қазақша сөйлеп, тойда, шақырған жерде әңгіме айтып, ән тыңдап, бір жасап қаламын, содан келесіде қаражатымды қамдап, сапарға шыққанға дейін күн санаймын. Кейде үйде өзіммен-өзім осы мен қазақшаны ұмытып бара жатқан жоқпын ба деп өзіммен өзім сөйлесіп аламын. Бүгін де бір сәтті күн болды, өздеріңді кездестіріп, қазақша сөйлеп қалдым», – деп қимай қоштасқан.
Таяуда әлеуметтік желіде алты тіл білетін қазақ қызының үнділік жігітке тұрмысқа шыққаны, олардың некесінің сол елдің діни рәсімімен қиылғаны жазылса, енді бір қазақстандық ұйым шетелдіктерге қалай тұрмысқа шығуға болатындығы жайлы семинар өткізетінін айтып, соған қыздарды шақырған жарнамасын беріпті.
«Гименей» атты неке агенттігі «Шетелдікке қалай тиімді күйеуге шығуға болады?» деген семинарды демалыс күндерінде өткізетінін, Батыс Еуропадан болашақ күйеуді қалай табуға болатыны, қалай алданып қалмау жөнінде кеңес беретінін айтып, әлеуметтік желінің әлеуетін пайдаланып, жарияға жар салыпты.
Сонда деймін-ау, біздің қоғамға бәрібір ме, бас офисі Берлинде орналасқан агенттіктің қызметкері қыздарымызды шетел асырып жатса да үндемей, қызым, қайда барасың, демейміз бе?
Осы жолдарды жазып отырғанда Вашингтон көшелерін кезіп қазақ іздеген мұңды ананың бейнесі көз алдыма оралды...
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Бүгін, 19:58
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Парламент • Бүгін, 19:36
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07
Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді
Бокс • Бүгін, 16:59
Қазақстандағы жүйелі реформалар Вашингтонда таныстырылды
Саясат • Бүгін, 16:46
Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 16:28