Қартайған әкесін, не кәрі шешесін қарттар үйіне тапсыру, тіпті олардың үйін тартып алып, өздерін қаңғытып жіберу секілді көңілге қаяу түсірер жағдайлар аракідік көрініп қалады. Бұдан біраз жыл бұрын Көкшетауда зиялы қауым өкілі қартайған әкесін есі ауысқан деп жындыханаға күшпен апарып тастап кеткені туралы ақпарат құралдары шетінен жарыса жазды. Дегенмен, әкесінен осылай құтылмақ болған әлгінің ойы орындалмай, медициналық сараптама барысында қарияның ақыл-есінің дұрыстығы анықталып, жындыханадан шығарылды. Ашуға берілген қария осыдан кейін туған баласын сотқа беріп, ар-ождан шығынын талап еткені бар. Сұмдық емес пе!
Ар-ұяттан безген балаларымен соттасқан мұндай оқиғалар қазір де бой көрсетіп қалуда. Таяуда Еңбекшілдер аудандық сотында төрт баласы бар І топтағы мүгедек қарияның шағымы бойынша азаматтық іс қаралды. Өз отбастарын құрған балалары қарт анасын тағдыр тәлкегіне тастап, бас қамын күйттеп кеткен. Қант диабетімен ауыратын, оған қоса көру қабілеті нашарлаған қария азын-аулақ зейнетақысымен жан бағу қиындаған соң амалсыз сотқа шағымданыпты. Балаларының алды 50-ден асса, соңы қырықтың қырқасында. Бәрі жұмыс істейді, тұрмыстары жаман емес. Солай бола тұра қартайған ата-аналарына мүлдем қараспайтын болған.
Сонан, несін айтасыз, аудандық соттың шешімімен қарияның төрт баласы аналарына ай сайын 5 есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы төлеп отыратын болды.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Бүгін, 19:58
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Парламент • Бүгін, 19:36
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07
Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді
Бокс • Бүгін, 16:59
Қазақстандағы жүйелі реформалар Вашингтонда таныстырылды
Саясат • Бүгін, 16:46
Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 16:28