Беларустық алып күш иесі Кирилл Шимко тағы да рекорд жаңартты. Бұл жолы ол салмағы 50 тоннаға жуықтайтын Ми-26 тікұшағын 20 метрге сүйреп барды.
Рекордшы жаңа жетістігін өз еліндегі құтқарушылардың кәсіби мерекесіне арнапты. Дәл осы тікұшақты кезінде Голливудтың әйгілі «Шағылмайтын жаңғақ» фильмін түсіру үшін киногерлер Беларусьтің төтенше жағдайлар министрлігінен жалға алғанын айта кету керек.
Кирилл Шимко бұған дейін 55 тонналық БелАЗ жүк көлігін, 119 тонна тартатын мұнаралы кранды жылжытып, Гиннестің рекордтар кітабына тіркелген болатын.
Нұрислам АСҚАР