Заман өзгерді ме, әлде адамның өзгергені ме, «Құда, құда дегізген, құйрық-бауыр жегізген» деп бір-бірін Құдайындай сыйлайтын отбасылардың арасында да дау-жанжал болып тұрады. Махамбет ауданында тұратын құдалардың бірі өз араларындағы ұрыс-керісті шешу үшін сотқа жүгініпті. Құдалардың сыйластығына сына түсуіне төмендегі жайт себеп болған.
Бір-бірін ұнатқан екі жас отау құрып, заңды некеге тіркелмесе де ата-аналары құдаласыпты. Алайда, ене мен келін арасында дау туындап, жас жұбайлар ажырасып тынған. Көңілі әбден қалған болуы керек, арада біраз уақыт өткен соң келіннің анасы құдағиынан қыз жасауын қайтаруды өтінеді. Жігіттің шешесі келіннің жасауына берілген заттарды түгелге жуық қайтарғанмен, тек екі дана хром мен шыныдан жасалған ыдысты бермей қойған.
Кері қайтарылмаған қос ыдыс құдағилар арасындағы өкпе-ренішті одан сайын үдетіп, ағайын-туғанының арасына кең жайылған дау сотқа дейін жетті. Сот барысында дау-жанжалдың туындауына себеп болған қос ыдыстың құны 24 000 теңгені құрайтыны анықталды. Заңды некеде тұрмаса да ұлына аз уақыт жар болған келінінің қос ыдысын бермей кергіген құдағи сотқа шақырту алғанда жұмсарып сала берді. Сөйтіп, жігіттің анасы құдағиының қос ыдысын ың-шыңсыз қайтарды. Құдағилардың медиациялық тәртіппен келісімге келуіне байланысты іс өндірістен қысқартылды.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45
Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ
Экономика • Бүгін, 11:39
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент • Бүгін, 11:28
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Алматы • Бүгін, 10:48
Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:35
Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады
Әлем • Бүгін, 10:16
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54