28 Шілде, 2016

Қазақстан ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитетіне қабылданды

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
konkuren Қазақстанның монополияға қарсы комитеті Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бәсекелестік жөніндегі комитетіне қатысушы ретінде қабылданды. Дауыс беру 2016 жылғы 17 маусымда өтті. Қазақстанның бәсекелестері соңғы кезеңде Хорватия және Филиппин болды. Қазақстан Орталық Азияда Бәсе­келестік жөніндегі ЭЫДҰ коми­­тетінің мүшесі болған алғаш­қы ел болып табылады. Қазақстанның ЭЫДҰ-ның бәсе­­ке­­­лес­­тік жөніндегі комитетіне кіруі озық тәжірибені иелену және үз­дік бә­секелестік практикаларын енгізу, әлемнің аса дамыған ел­дері­мен интеграцияны күшейту мүмкіндігін ашады. ЭЫДҰ қолда бар орасан зор зерттеу және талдау ма­териалдарына шексіз қол жет­­кізу ықтимал қателіктерді бо­л­­­дыр­­­­мауға және монополияға қар­­­сы рет­­теу жүйесін реформалау про­­це­­­сін жеделдетуге мүмкіндік береді. Бәсекелестік жөніндегі коми­­­тет­ке қатысушы мәртебесі – мо­­­но­­­­­по­­лия­ға қарсы органның жос­­­­­пар­­­лы жұмы­сының нәтижесі. Мо­но­­­по­­лия­ға қарсы комитет Бәсе­ке­­лес­­­­тік жөнін­дегі комитет­тің бар­­лық та­лап­­­тары мен ұсыным­дарын қабыл­дайды. Тұтастай алғанда ұйымға 35 мем­ле­­кет кіреді, олардың көбі – ЕО мү­­ше­­­лері: Германия, Швеция, Швей­­ца­­рия, сон­дай-ақ АҚШ, Жапо­­ния, Авс­­­тра­­­лия. ЭЫДҰ-ға мүше мемле­кет­­­­­­­тер­­­­­­дің әлем­дік ІЖӨ үлесі 60%-ға жуық. Қазақстанның Бәсекелес­тік құ­қық және саясатқа шолу нәти­же­лері (Шолу) ЭЫДҰ-ға алғаш рет 2015 жылғы қазанда Париж қала­сын­да ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жө­нін­дегі жаһан­дық форумында таныс­ты­рылды, шолу бойынша ресми баян­­дама үстіміздегі жыл­ғы 25 ма­­мыр­да IX АЭФ-та ұсы­ныл­ды, онда ЭЫДҰ сарапшылары Қазақ­станды бәсе­ке­лестік заң­на­масы қарқынды да­м­ып отырған елдердің қатарында атады. Әлемдік үдерістерді ескере отырып, Қазақстан үшін жаһандық эко­но­миканы қалыптастыруға әсер ететін осы ұйымның бір бөлі­гіне ай­налу өте маңызды.  «Егемен-ақпарат»