Еліміздің Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Әскери сот саласында заманауи ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастағанын мәлімдеді.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 20-шы қадамында барлық сот процестерін дыбыс-бейне тіркеу құрылғыларымен қамтамасыз ету тапсырмасы белгіленген. Сот төрелігінің ашықтығы мен оның қолжетімділігінің көрінісі ретінде бағаланатын мұндай жаңашылдықты жүзеге асыру туралы баяндаған Сәкен Жүсіпахметұлы жылдың алғашқы жартысында сот процестерінің 99,4% дыбыс-бейне тіркеу жүйесін қолданумен қаралғандығын айтты.
«Бүгінгі күні әскери соттардың сот отырыс залдарының 69,6%-ы дыбыс-бейне тіркеу жүйесімен жабдықталған. Жыл соңына дейін барлық сот отырыс залдарын толығымен дыбыс және бейне тіркеу құрылғысымен жабдықтау жоспарланған» – деді ол.
Сонымен қатар, бүгінде сот отырыстарының қатысушыларын хабардар ету де автоматтандырылған. Отырысқа қатысушылар Сот кабинеті, СМС-хабарламалар, гибридтік электрондық поштамен қатар, мемлекеттік органдар арасындағы электрондық құжат айналым жүйелері арқылы хабарландыру тетіктері іске қосылған.
Қазір соттар, соның ішінде әскери соттар да біржақты айыптаудан арыла бастаған. Мұны саладағы соңғы статистикалық көрсеткіштер де айғақтайды. Мәселен, бірінші жартыжылдықта қаралған қылмыстық істер бойынша барлық тұлғалардың 2,1%-ы ақталған. Бұдан басқа, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған, мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қысқартылған, ақтау негіздері бойынша аяқталған қылмыстық істер саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,6%-ға өскен. Есесіне, қазір айыппұл, қоғамдық жұмыс, бас бостандығын шектеу жазалары басымдық ала бастапты.
Сондай-ақ, брифинг соңына қарай спикерлер БАҚ өкілдерінің бірқатар сауалдарына жауап бере келе, Әскери сот төрағасы өткен жылы Ақтауда оқу-жаттығу кезiнде орын алған 4 әскери азаматтың қазасына қатысты қылмыстық iс алдағы күндері сот қарауына түсетiндігін айтты. «Қазiргi уақытта мамандар қылмыстық iс материалдарымен танысуда. Бас әскери прокуратураның мәліметінше 10 күн iшiнде қылмыстық iс Ақтау гарнизонының әскери сотына жiберiлуi тиіс» – деді Сәкен Жүсіпахметұлы.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше