Прокуратура органдарының қадағалауды жүзеге асырудағы басты мақсаты – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл орайда адам құқығын қорғау мәселесіне қатысты прокуратура органдарының атқаратын қызметінің маңыздылығына тоқтала отырып, осы салада қол жеткізген жетістіктеріміз туралы айта аламыз.
Алматы облысы бойынша прокуратура органдарының сотқа дейінгі қылмыстық процесте заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыруда, қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарының сақталуына баса назар аударуда. Мәселен, қылмыстық ізге түсу органдарының қылмысқа және әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысы бар азаматтарды ұстау, жеткізу, күзетпен ұстау заңдылығына күнделікті тексерулер ұйымдастырылу арқылы жүзеге асырылады. Тексерулер нәтижесімен ағымдағы жылы заңсыз ұсталған 5 азамат ішкі істер органдарының қызметтік бөлмелерінен шығарылды.
Қазіргі таңда барлық құқық қорғау органдарында «Электрондық есепке алу» жүйесі енгізіліп, қызмет атқаруда. Яғни, қылмыстық ізге түсу органының ғимаратына кірген, еріксіз жеткізілген азамат туралы толық мәлімет электрондық жүйеге дереу енгізіледі және прокуратура органдарының қызметкерлеріне қызметтік кабинеттен шықпай бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, түрмедегілердің санын кеміту саясатын жүзеге асыру мақсатында, облыстық прокуратурамен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасының тек ерекше жағдайларда ғана аса ауыр және ауыр санаттағы қылмыс жасаған адамдарға қолданылуы қадағалануда. Бүгінгі таңда облыс бойынша қылмыс жасаған 619 адамға түрлі бұлтартпау шаралары қолданылса, оның ішінде 180 адамға немесе 29 пайызына қатысты «күзетпен ұстау» түрі қолданылған. Өткен жылы бұлтартпау шарасы 293 адамға қатысты қолданылып, биылғы жылмен салыстырғанда, 38,5 пайызға төмендеп отыр. Облыстық прокуратура тарапынан қылмыс жасаған адамдарға «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасын кеңінен қолдану бағытында былтырғы жылы «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы 750 адамға немесе барлық қолданылған бұлтартпау шаралары ішінде 44,4 пайызды құраса, бүгінгі күнге 425 адамға қолданылып, 70 пайыздан асқан. Аталған бұлтартпау шарасын қолдануда қылмыскерлер мен олардың туыстарымен 1 млрд. 220 млн. теңгені құрайтын мүлік кепілге алынған.
Атқарылған прокурорлық қадағалаудың нәтижесімен, өткен жылы қылмыстық ізге түсу органдарымен заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған 7 азаматқа қатысты қылмыстық істерді прокурорлар қысқартып, азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Саян БӘКІРОВ,
Алматы облысы прокурорының орынбасары
Алматы облысы

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03