11 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы    2011 жылғы 10 ақпан    №19/30

2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол қою парақтарын берудің және қолдардың растығын тексерудің мерзімдерін қысқарту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қа­зақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Конституциялық заңы 12-бабының 2) тармақшасына, 14-ба­бының 2) тармақ­ша­сына, 56 және 66-1-баптарына сәйкес Қазақстан Рес­публикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1.  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары оның Қазақстан Республи­ка­сы­ның Конс­ти­туциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау ту­ралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін екі күнтізбелік күннің ішінде берілетін болып белгіленсін. 2.  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдай­тын қолдардың растығын аумақтық сайлау комиссияларының тексеру мер­зімі оннан бес күнтізбелік күнге дейін қысқартылсын. 3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін. 4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Төраға  Қ.Тұрғанқұлов,

Хатшы  Б.Мелдешов.