Өңірлік коммуникациялар қызметі[/caption]
«Серпін – 2050» жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік жобалардың бірі. Жоба аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары, өндіріс орындары дамыған, жұмысшы күшіне қажеттілік қалыптасып отырған солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде тегін білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
Жоба биыл үшінші жыл жүзеге асырылғалы отыр. Жыл сайын жобаға қатысатын оқу орындарының желісі артып келеді. 2014 жылы 25 колледж, 7 жоғарғы оқу орны болса, 2015 жылы 33 колледж, 19 жоғарғы оқу орнын құрады. Биылғы жылы 30 колледжге 1050 мемлекеттік білім беру тапсырысы, 24 жоғарғы оқу орындарына 3162 мемлекеттік гранты бөлініп отыр.
«Жамбыл облысынан соңғы 2 жылда жоба аясында оқуға қабылданған 615 белсенді жастарымыз (2014 жылы – 172, 2015 жылы – 443), бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Батыс, Шығыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында білім алуда», – дейді бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Саясат Есеев.
Оның айтуынша, 615 білімгердің 443-і жоғарғы оқу орындарында, 172-і техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алуда. Жоба аясында жоғарғы оқу орындарына түскен білімгерлер шәкіртақымен, өңірлерге бір рет барып-қайту жолақысымен және жатақханамен, колледжге түскен білімгерлерге аталған жеңілдіктерге қосымша үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілуде. Облыстағы жобаның үйлестірушілік жұмыстары облыстық білім басқармасына қарасты Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығына жүктелген. Жобаға қатысушы өңірлердің өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан, Жамбыл политехникалық колледжінен арнайы кабинеттер бөлініп, жарнамалық баннерлер мен плакаттарды орналастыру үшін орындар қарастырылды. Кабинеттер интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталды.
Оралхан ДӘУІТ
• 02 Тамыз, 2016
«Серпін» бағдарламасы бойынша 615 жас білім алуда

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11