Құс шаруашылығы халықты мейілінше қысқа мерзім аралығында азық-түлік өнімімен қамтамасыз етуге қабілетті бірден-бір сала болып табылады. Оған жұмыртқа өндірумен айналысатын құс шаруашылығын мысал ретінде келтірсе де жетіп жатыр. Осы саладағы өндірістің өсуі арқасында бүгінде ел тұрғындарын жұмыртқамен 100 пайыз қамтамасыз етуге қол жеткізіліп отыр.
Мәселен, өткен 2015 жылы 4,7 миллиард данадан астам жұмыртқа өндірілген. Құс фабрикалары мәліметтеріне негізделген болжам бойынша, 2016 жылы жалпы жұмыртқа өндірісі 5 миллиард данаға дейін жетпек.
Осындай оң өзгерістерге қарамастан, Қазақстанның Құс өсірушілер одағы келтірген дәйектерге сүйенер болсақ, құс шаруашылығы саласында проблемалар да жоқ емес. Солардың бірі де бірегейі жұмыртқаның бөлшек саудадағы (дүкендердегі) соңғы құнына байланысты туындап отыр. «Құс өсірушілер одағы» заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің президенті Руслан Исмаилұлы Шариповтың айтуынша, жыл ішінде жұмыртқаның көтерме саудадағы бағасы 4-5 ретке дейін өзгеріп тұратын көрінеді. Айталық, қазіргі уақытта құс фабрикалары өз өнімдерін орта есеппен 17-18 теңгеден берсе, супермаркеттерде сатылған сәтте ол баға бір жарым-екі есеге дейін қымбаттап шығады екен. Осылайша, 1-категориялы бір жұмыртқаның бағасы 31-35 теңгеге дейін жетіп жығылады. Ал делдалдар болса осының арқасында 200 пайызға дейін пайда түсіріп отырады. Құс өсірушілер одағының мамандары Астана қаласындағы супермаркеттер бойынша мониторинг жүргізген кезде орта есеппен бір лоток (30 дана) жұмыртқаның бағасы мың теңгеге дейін жететінін анықтаған.
Осыдан келіп неліктен құс фабрикалары босатқан азықтық жұмыртқа бөлшек саудадағы бағадан бірнеше есе арзан деген сауал туындайды.
Осындай жағдайларды ескере келіп, ауылшаруашылық өнімдері бағасының тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның Құс өсірушілер одағы әлеуметтік маңызы бар өнімдер санатына жататын тамақ өнімдерін сату кезінде құс өсіретін кәсіпорындар өнімдерінің босатылу бағасына 20-35 пайыз үстеме қосуды ұсынып отыр. Олардың ойынша бұл отандық өнімге деген сатып алушылық сұранысты қамтамасыз етпек.
Несі бар, келісуге болатын ұсыныс.
Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25