03 Тамыз, 2016

Он жастағы рекордшы

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
амир Балалар арасында әлем рекордшысы, кеудені жерден көтеруден Қазақстан рекордтар кітабына төрт мәрте кірген Әмір Махмет Олимпиадаға қатысатын спортшыларды қолдау ретінде жаңа рекорд жасады.   Ол кеудесін жерден 1 000 рет көтерді. Көрсеткішті КИнЭС Қазақстан рекордтар кіта­бының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркеді. Әмір Махмет алғашқы рекордын былтыр 1 маусымда «Балаларды қорғау күні» мере­кесіне орай Bar Bars командасы ұйымдастырған Street Workout бойынша жазғы маусымының ашылу салтанаты кезінде жасады. Сол кезде кеудесін жерден 450 рет көтерген болатын. Екінші рекордын Street Workout-тан өткен Ақмола облы­сының чемпионатында енгізді. Ол 30 минутта кеудесін жерден 50 рет көтерді. Ал үшінші рекордын былтырғы жыл­дың қыркүйегінде Қазақ хан­дығының 550 жылдық мерейтойы аясында өткен шарада жасады. Әмір Қазақ хан­дығының 550 жылдығына байланысты кеудесін жерден 550 рет көтеріп, тағы да рекордшы атанды. Бұдан кейін балалар арасындағы әлемдік рекордын бокстан кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Доминик Уэйдпен өтетін жекпе-жегіне қолдау ретінде тіркеді. Әмір – Астанадан 40 ша­қы­рым жерде орналасқан Қа­жымұқан ауылының тұр­ғыны. Оның ағасы Айдар Мах­метов Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, каратэ және ММА-дан үш дүркін әлем чемпионы, джиу-джитсудан үш дүркін Еуропа чем­пионы. Атасы Әлімжан Мах­метовтің спорттың алты тү­рінен разряды бар. Тағы бір ағасы Азат Махметов бокстан Қазақ­стан чемпионы, Қазақстан құрамасы мен «Астана Арланс» командасының мүшесі. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»