03 Тамыз, 2016

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен қыз табылды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_54435" align="aligncenter" width="640"]inform.kz inform.kz[/caption] Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған inform.kz-тің мәліметі бойынша, Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы Жұлдыз Ерманова аман-есен табылған. «1998 жылы туған Ж. Ерманованы іздеу мақсатында біздің бөлімшеде құрылған арнайы топ оның қайда екенін анықтады. Ол аман-есен екен. Қазір қыздан жауап алынып жатыр. Алдын ала деректерден белгілі болғаны, Ж. Ерманова үйінен өз еркімен кетіп қалған. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталады», – деді Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Рүстем Әбдірахманов. Еске сала кетейік, 2016 жылғы 2 тамыз күні Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына Ж. Ерманованың із-түссіз жоғалғаны туралы арыз келіп түскен еді. Белгілі болғанындай, бойжеткен содан бір күн бұрын кешкі сағат 18:00-де үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Жұмыс тәртібі бойынша іздеу шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында Алмалы аудандық ішкі істер басқармасында арнайы жедел топ құрылды. Сондай-ақ іздеу шараларына еріктілердің де қатысқанын айта кеткен жөн. Айдар ӨРІСБАЕВ