Депутаттар жарты миллиард теңгені құтқарып қалды
Маңғыстауда жылда өтетін үлкен шоулардың бірі облыстық мәслихат депутаттары тарапынан сынға алынып, кері қайтарылды.
Өңірдегі биыл үшінші рет өткізілуі жоспарланған «Aktau Open Fest» шарасының бюджеттің қалтасына салар салмағы өте ауыр еді. 2014 – 2015 жылдары бірнеше миллиондарды желге ұшырған аталған жоба биыл күшіне қайта мініп, ауызды арандай ашып, облыс бюджетіне қол салған еді. Сұрап отырған қаржысы 550 млн. теңге! Нақтырақ айтсақ, 300 млн. теңгені бюджеттен, ал 250 млн. теңгені мұнай компанияларын тарту арқылы табу жоспарланған.
Маңғыстау облыстық мәслихатының екінші сессиясы қарсаңындағы тұрақты кеңес отырысында бұл мәселе тартысты пікірталасқа негіз болды. Жарты миллиардтан астам теңгенің шоу-шуға жұмсалғалы тұрғанын көрген С.Мұсабаев, Н.Сәрсенбай, А.Салманов, М.Дүйсенбай, тағы да басқа депутаттар бірден наразылық танытады. Депутаттардың наразы пікірі бұған дейін бас шұлғи бергенге әбден еті үйреніп кеткендер үшін тосын, яғни күтпеген жағдай болған сияқты. Бюджетті қорғауға келген облыс әкімінің экономика бойынша орынбасары Ш.Ильмұхамбетова сол жерге Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Е.Исмайловты шақыртты. Алайда, депутаттар Е.Исмайловтың уәжіне құлақ аспай, табандап отырып алды және осынша қаржы бөлу жөніндегі шешім бекітілетін болса, мандаттарын тапсыратынын да айтты. Сессиядағы айтысты тыңдаған Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев бұл жолы көрегендік танытып: «Депутаттар қарсы деген сөз, демек халық қарсы деген сөз. Халық қолдамаған шешімді мен де қолдамаймын!» – деп бір-ақ қайырып, айтыс-тартыстың нүктесін қойды.
Осымен аталмыш фестивальға бюджеттен қаржы бөлінбейтін болды. Халық қалаулылары терең тыныстады, бірақ фестивальдың құрығы ұзын құрылтайшылары қаржы «тауып» қалайда өткізе ме, жоқ па?
Маңғыстауда мол қаржыны қажет ететін, бірақ халыққа берері жоқ, керісінше, ел арасында түсінбеушілікке, тіпті, әлеуметтік желілерде наразылыққа тап болып жатқан шаралар мен жобалар бір бұл ғана емес. Семинарлар мен фестивальдар, конференциялар мен тренингтер, оқулар... Бұлардың маңызы мен мақсатын тек ұйымдастырушылардан басқа ешкім түсінбейді, арнайы берілген пресс-релизге сүйеніп бұқаралық ақпарат құралдарында көрсететін журналистерге де олардың ішкі дүниесі жұмбақ.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40
Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 11:34
Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:27
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Қоғам • Бүгін, 11:12
Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 11:00
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03