12 Ақпан, 2011

Тәуелсіз елің бар, ел бастар ерің бар!

597 рет
көрсетілді
41 мин
оқу үшін
Кеше Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» халықтық-де­мо­­кра­тиялық партиясының ХІІІ съезі болып, онда еліміздің бар­лық аумақтарынан келген 600-ден астам делегат Қа­зақ­стан Президенті, партия Төр­аға­сы Нұрсұлтан Назар­баев­ты алдағы болатын сайлауға президенттікке кандидат етіп ұсын­ды. Съезге делегаттардан басқа екі мыңнан астам ша­қы­рыл­ған қонақтар келген екен. Олардың ішінде елімізге барын­ша таны­мал саясат, қоғам және мәдениет қайрат­кер­лері, шетелдік дипломатиялық миссиялар мен партиялар, халықара­лық, жас­тар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бар. Бүгінгі күні «Нұр Отан» ХДП-ға 800 мыңнан астам адам мүше. Олар 6 мыңнан астам бастауыш партия ұйым­дары­на біріктірілген. Бастауыш ұйымдар партия шешім­дері­нің жергі­лікті жерлерде орындалуына күш салуда. «Нұр Отан» ХДП қазір елдегі ең ықпалды, ең белсенді және сенімді саяси күшке айна­лып отыр. Сағат тура 10.00 болғанда съезд делегаттары мен шақы­рыл­­ған қонақтар Елбасы, партия Төр­ағасы Нұрсұлтан Назар­баев­­ты орындарынан тұрып қарсы алды. Съезд жұмы­сын пар­тия Төр­ағасының бірінші орынба­са­ры Нұрлан Нығ­ма­ту­лин ашып, жүргізіп отырды. Съездің жұмыс органдары, жүр­гізілуі мен күн тәртібі, регламенті бекітілгеннен кейін шешендерге сөз беріле бастады. Сөзді алғашқы болып Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Сыдықов алды. Алдымен ол өткен жылдың соңында Пре­зиденттің өкілеттік мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдум өткізуге бастама көте­ріл­геніне тоқталды. Оның атап өтуін­ше, еліміздің күншығы­сы­нан бастау алып, қысқа мерзімде бүкілхалықтық сипатқа ие болған бұл бастамаға сайлаушылардың тең жартысынан астамы қолдау көрсеткен. Шын мәнінде, мұның өзі ел мен Елбасы еншілес ұғым­дар екенін дәлелдейді. Алайда, Сіз Ата Заңға адал­дық пен халықтың қалауы таразы басына түскенде нағыз дана бас­шыға тән аса парасатты шешім қабылдадыңыз, деді осы жай­ын­да шешен. Халықтың шы­найы тілегін де ескеріп, Конс­ти­ту­цияны да көздің қарашы­ғын­дай қорғай отырып, өкілет­ті­гі­ңіз­дің екі жыл­ға қысқаратынына қа­рамастан, кезектен тыс сайлау өт­кізуге шешім қабылдадыңыз. Бұл тарихи шешіміңізбен бізге де, болашақ ұр­пақ­қа да тағылымды өнеге көрсет­ті­ңіз. Осы арқылы біз Сіздің ке­мең­герлігіңізге тағы бір куә болып отырмыз. Түптеп кел­генде, сайлау мен референ­дум­ның екеуі де ха­лық билігін жүзеге асырудың заң­ды жолы екені белгілі. Екеуі де халықтың еркін таңдау жасауына мүмкіндік береді. Сондықтан қан­дай жол болсын, таңдау – жалғыз. Ақиқат – біреу. Қазақстан халқы өз болашағын тек Сізбен ғана бай­ланыстырады. Бұдан кейін делегат елді жар­қын болашаққа бастайтын даң­ғыл жолды Елбасы көрсеткенін, халық сол болашақтың іргесін бірге қа­ла­ғысы келетінін атады. Нұр­сұл­тан Әбішұлымен бірге болу алда­ғы күнге деген үмітімізді орнық­тырып, сенімімізді бекіте түспек, – деді Ерлан Сыдықов. Сон­дықтан бүгінгі съезде дана да дара басшымыз Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан На­зар­баевты «Нұр Отан» ХДП атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынамыз. Тағ­дырлы сәтте таңдау таразысында қателеспеу – бізге серт. Осы ұсы­ныс залда отырғандардың да, барша қазақ­стандықтардың да қызу қолдауына ие болатынына сенімдімін. Астана қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы қалалық фили­алы­ның төрағасы Иман­ға­ли Тас­мағамбетов сөзін Мұста­фа Кемал Ататүріктің: «Жерім бүтін деп халқын көбейтіп, мемлекетін көр­кейт­кен – міне, нағыз жеңімпаз сол. Ал халық қашанда жеңім­па­з­ды таңдайды», деген өсиетінен бастады. Расында, ар­ғы-бергі заманда ел билеп, халық есінде қал­ған қай билеушінің де тарихтағы ізі осындай қырағы қағидамен ба­ғаланады, – деді қала әкімі. – Ке­зінде қазақтың санын миллионға жеткізіп, қой үстіне бозторғай жұ­мыртқалат­қан Қасымның ханды­ғы – бү­гінде аңыз. Өз кезегінде, бабаның бай­тақ жерін бүтіндеп, шекара­сын бекіткен, адамын 1,5 мил­лионға арттырып, алыс-жақын жақтаған, береке-бірлігін сақта­ған, саламатты мемлекет құрған На­зарбаев заманы арман да, аңыз да емес – айшықты ақиқат. Осы­нау кемел кезеңнің заңды да заң­ғар ұранына, тәуелсіздіктің тұма­рына айналған Астана да әлем алдында қуатты елдің жұлдызын жарқыратып тұрғандай. «Жүрек­сіз ер, жұлынсыз бел, астанасыз ел болмас». Жүрек тәнге қан берсе, астана елге жан береді. Ендеше, азат елінің астанасымен мақ­тан­байтын қазақ бар ма?! Мұн­дай жүрегім, жұлдызым деп елжірейтін астана қашан болып еді? Иә, бас қала болғанымен, шы­найы астана болмады. Тігілген үй бол­ған­мен, ол үйде шал­қайып қонақ кү­те­тін күй бол­мады. Ал бүгін ше? Қала басшысының тоқталып өткеніндей, бүгінде Астана небір алпауыт мемлекеттердің басшы­лары ақ босағасынан еңкейіп кіріп, марқайып шығып жүр. Ол да болса, қызығушы пейілдеске де, қызғанушы тілеулеске де қазақты дербес ел ретінде танытып отыр. Тәуелсіздіктің, Елбасының ең ма­ңызды жетістігі де, жемісі де  осы. Сондықтан да шешен сөз ба­сында кенже қалған жұртын қуат­ты, ұрпағын сауатты, келешегін тату-тәтті күнге жеткізген Ата­түрік­ті әдейі атап өтіп отыр. Иманғали Тасмағамбетов осы­ған байланысты Ұлыбрита­ния­ның бұрынғы премьер-министрлері Ллойд Джордждың: «Ға­сырлар да­нышпанды сирек береді. ХХ ғасырда ұлы тұлға түрік ұлтынан шықты. Мұстафа Ке­мал­дың да­ныш­пандығына қолдан келер не бар?» және Маргарет Тэтчердің: «Қазақстанның бү­гін­гі жеңістерін сараласам, қашанда таң қаламын. Назарбаевтың да­нышпандығы да – осы жеңіске толы жемісті жол­ды жай ғана кезекті кезеңге ба­лауын­да. Сөз жоқ, Қазақстанның баянды болашаққа деген үміті тек Назарбаевтың есімімен байланыс­ты», деген пікірлерін келтірді. Бұл Отанын қалтқысыз сүй­ген, суығына шыдап, ыстығына күй­ген түркі дүниесінің қос тар­ланына әлемнің берген бағасы ғана емес, олардың тағдырлы оз­мышы, маңдайындағы жазмышы, – деді делегат әрі қарай. Күні кеше Тұңғыш Президент ретінде Сіздің өкілеттігіңізді ұзарту ту­ралы референдум өткізу бас­та­масы ел ішінде еселеніп, жалпақ жұртымыздың бірауызды жасампаз үніне айналды. Мұның өзі тұтас ғұмырыңызды ел тағды­рымен еншілеген өзіңізге деген әз халқыңыздың ыстық ықыласы, биік бағасы. Дәл қазір елдің жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін, мақсат-мұратқа жетелейтін бір-ақ тұлға бар. Ол – Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев. Ертеңгі бір күндік сайлау – көп күндік келешегімізді таңдау болмақ. Парламент Сенатының де­путаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі Қуаныш Сұл­танов Мемлекет басшысы еліміз тәуелсіздігінің алғашқы сәтінен бастап халыққа берген антын қалт­қысыз орындап келе жатқа­нына тоқталды. Президент Н.­Ә.На­­зар­баев тәуелсіз қазақ мемлекетінің іргетасын қалап, негізін салды, – деді сенатор осы туралы. – Туын көтеріп, оны дү­ниежүзілік қоғам­дастыққа таны­тып, мойындатты, әлемдік дәре­жеде сыйлатты. «Нұр Отан» пар­тиясының ұйымдасып, қоғамның ық­палды күшіне айна­луы да тікелей партия жетек­ші­сінің саяси қызметінің нәтижесі. Еліміз кешенді реформалардан, тү­бегейлі өзгерістерден өтті. Адам­ның, қо­ғамның санасы өзгерді. Өмірге жаңа ұрпақ келді. Тәуел­сіздікті құрметтеу, қастерлеу, қорғау – әрбір азаматтың борышы, пары­зы екенін қоғам түсінді. Тәуел­­сіздік, оның қауіпсіздігі – са­на­мызда ұлттық идея болып қа­лыптасты. Шешеннің атап өткеніндей, Ұлт Көшбасшысы және партия же­­текшісі барлық саяси үдеріс­терде өзінің нағыз саясаткер екендігін көрсетіп келеді. Өткен 20 жыл ішінде көптеген өміршең бастамалар дүниеге келді. Бұған нақты мысал ретінде сенатор мұ­найдан түсетін табыс жинақтал­ған Ұлттық қордың құрылуын және жаһандық қаржы дағдары­сына қатысты 2007 жылы дағ­дарысқа қарсы бағдарламаның қа­былдануын келтірді. Осының нәти­жесінде елімізде әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасын тапты, жаңа жұмыс орындары ашылды, қоғамда тұрақтылық қамтамасыз етілді. Мемлекет басшысы өткен жылғы және биылғы жолдау­ла­рында елді алдағы онжылдықта өркендетудің бағдарламасын белгілеп берді. Әсіресе, әлеуметтік са­лаларға баса назар аударылған­дығы барлық қазақстандықтар­дың көңілінен шығып отыр. Бұл іс-шаралардың басында «Нұр Отан» партиясы тұрғанын, оны жүзеге асыруға белсене араласа­тын­дығын партияның жергілікті жерлердегі филиалдары, сондай-ақ партия мүшелері жақсы біледі. Тұңғыш Президентіміз, пар­тия­­мыздың Төрағасы елді ең қи­ын қайшылықтар мен тұйық­тан шығарды. Жақсылық пен жасам­паздықты мақсат етті. Ер­те­ңіміз­дің бүгіннен жақсы бола­тынына сенім ұялатты. Бүгінгі Қазақстан­ның келбеті, деп қорытын­ды­лады сөзін шешен, жаңа дәуірі – жарқыраған Аста­насы, асқақтаған Алматысы, қай­та түлеген облыс ор­талықтары, сайрап жатқан жол­да­ры, өскен өркені – Тәуелсіздік жемісі, Ел­басының еңбегі. Сон­дықтан да Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­баев­тың кандидатурасын «Нұр Отан» партиясының атынан 3 сәуірде өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға ұсынамын. «Нұр Отан» ХДП Саяси ке­ңесінің мүшесі, «Қазақмыс» кор­порациясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким сөзін Елбасының «алдымен экономика, одан кейін саясат» деген сөзінен бастады. Оның атап өтуінше, Президент Н.Ә.Назарбаевтың бас­шылығымен Тәуелсіз Қазақ­стан әлем картасында ойып тұ­рып орын алды. Еліміз мемлекеттілігін нығайтып, экономиканың барлық салалары қарқынды да­мыды. Осы­лай деген ол тәуел­сіздіктің ал­ғашқы жылдарындағы қиындық­тар­ға тоқталды. Сол кездері шахтерлер мен металлургтар да көп қиындықтарды бастан өт­керді,  деді В.Ким осы жөнінде.  Бү­гінде соның барлығы артта қалды. Оны біз ұмытпаймыз. Еліміздің Тұңғыш Президенті ел экономи­касының да­мып, халық­тың әл-ауқатының жақ­саруына барлық жағ­дайлар жасады. Ел­басы биз­нестің кең қанат жаю­ы­на әрдайым қолдау көрсетіп келді. Кәсіпкер­лер мен бизнесмендерді шенеуніктерден үнемі қор­ғап отыр­ды. Осының арқасында Қазақ­станда шағын және орта бизнес дамыды, онымен айна­лысушылар қатары еселеп артты. Владимир Ким бұдан кейін индустриялық-инновациялық бағ­дарламалардың жүзеге асыры­лу жайын ортаға салды. Оның ай­туынша, индустриялық-инно­ва­циялық бағдарламалардың ой­дағыдай іске асырылуы ел да­муы­ның болашағы үшін аса қажет. «Қазақмыс» корпорациясы осы бағдарлама аясында бірқатар ірі жобаларды қаржыландыруды қол­ға алды. Оның көлемі жақын төрт-бес жылда 60 миллиард АҚШ долларына жететін болады. Сонымен қатар, ол «Қазақмыс­тың» әлеуметтік жауапкершілігіне қатысты да айтып өтті. Бұл кор­порацияның басты бағыт­та­ры­ның бірі болып табылады. Кор­порация әлеуметтік бағдар­ла­маларға жыл сайын 40 миллион долларға жуық қаржы жұмсап келеді.

Құрметті Президент, Сіз ме­таллургтердің жағдайына баса назар аударып келесіз, деді корпорация басшысы әрі қарай.  Қарағанды мен Теміртау қала­лары­на жиі келіп тұрасыз. Теміртау металлургия зауытында еңбек жо­лыңызды бастап, шынық­ты­ңыз, шыңдалдыңыз. Бұл Сіздің ең қиын міндеттерді салиқалы­лық­пен шешуіңізге негіз қалады. Сол себепті де металлургтер, бар­ша қазақстандықтар Сізді ерекше құр­меттейді. «Нұр Отан» пар­тия­сының Сізді президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы ұсынысын біз металлургтер және корпорациядағы 40 мың нұротан­дықтар да қалайды. Біз Сізге әрқашанда сенімді тірек бола­тындығымызды мәлімдейміз. Владимир Ким сөзін белгілі саясаттанушы Александр Прар­дың: «Президент Нұрсұлтан Назарбаев сөз жоқ әлемдік дең­гей­дегі тарихи тұлға. Ол – Тәуелсіз жаңа Қазақстанның негізін қа­лаушы», деген сөзімен аяқтады. Қазақстан халқы Ассам­блея­сының мүшесі, Алматы облыстық «Огни Алатау» газеті бас редак­торының орынбасары Атсалим Идигов өз сөзіне негізінен елімізде бекем орныққан этносаралық татулық пен саяси тұрақтылықты арқау етті. Біздің партияның съезі Тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл­дығы қарсаңында өтіп отыр, деді ол. Осы жылдар ішінде кең байтақ қазақ жерінде бейбітшілік пен саяси тұрақтылық, этносара­лық келісім берік орнады. Біздің еліміз жан-жақты дамып, әлемдік қоғамдастыққа танылды. Осының барлығына Ұлт Көшбасшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың көреген­дігінің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Мен тарихи осы съезде еліміздегі этномәдени орталық­тар­дың атынан сөз сөйлеп тұр­мын. Мен қазақ жерінде өске­німді, Қазақстанда ұрпақ өрбіт­кенімді ерекше мақтан тұтамын. Көпшілік айтатындай, Қазақстан ме­нің екінші отаным емес, Қазақ­стан менің жалғыз ғана Отаным. Нағыз патриот ол кім? Нағыз патриот қандай болуы керек? Ұл­тым басқа болса да, мен қазақ­пын! Тәуелсізбін, азатпын, мың өліп, мың тірілген, намысын бермеген қазақпын! Жүрекжарды ойын ерекше тебіреніспен осылайша жеткізген де­легат патриотизмге қатысты өзінің сұрақтарына жауап беріп те өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы, деді ол, шын жүректен, мақтаныш­пен осы сөздерді айтатын адам ұлты кім болса да, сол нағыз патриот. Елді, жерді сыйлап, құр­меттейтін адам нағыз патриот. Сол адам біздің Президент Нұр­сұлтан Назарбаев! Делегат, сондай-ақ этнос­аралық татулықты нығайтуда Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы ерекше рөл атқарып келе жатқанын, Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммиті елімізді бүкіл әлемге танытқанын, Астана Декларациясын қабылдау ұзаққа созылып бара жатқанда, барша қазақстандық бей-жай күй кешкенін айта келіп, Астана Дек­ларациясын қабылдауда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерекше табандылық танытқанын атап өтті. Еліміздің ұлтаралық татулықтың қазақстандық үлгісіне бүгінде әлем жұртшылығы қызы­ғып отыр. Қазақстанның осы тә­жірибесіне Еуропадағы елдер де назар аудара бастады. Сонымен қатар, ол еліміздегі барлық этно­мә­дени орталықтар Н.­Ә.На­зар­баевты президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы «Нұр Отан» пар­тиясының ұсынысына бірауыздан қолдау білдіргендерін жеткізді. Келесі сөз Парламент Мә­жілісінің депутаты, Мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы жетекшісінің орынбасары Владимир Нехорошевке берілді. Біздің барлығымыздың отанымыз бір. Ол – Қазақстан, деп бастады сөзін делегат. Ұлт болашағына біздер жауаптымыз. Осылай деген ол «Нұр Отан» партиясының съезіне тоқталды. Делегаттың хабардар етуінше, партияның бұл жиыны үлкен саяси белсенділік жағ­дай­ын­да өтіп отыр. Өйткені, қазақ­стан­дықтардың басым көп­шілігі Тұң­ғыш Президент Н.­Ә.­На­зар­баев­қа дауыс беруге дайын екендігін білдірді. Тәуелсіздік ал­ғаннан бергі 20 жыл ішінде Қа­зақ­станның қол жеткізген табыстары Нұрсұлтан Назар­баевтың асқан көрегендік саясаты­мен тікелей байланысты. Партияның бүгінгі съезінде біздер, делегаттар партияның негізін қалаушы, Көшбасшымыз Нұр­сұл­тан Назарбаевтың канди­дату­расын Қазақстан Республи­ка­сының президенттігіне ұсыну туралы тарихи мәселені мақсат етіп отырмыз,  деп жалғастырды сөзін шешен. – Бізде ресурс аса мол, хал­қымыз жан-жақты білімді. Бұл Ұлт Көшбасшысының тапсыр­масы­мен әзірленген бағдарла­ма­ларды, ұлттық индустриялық-ин­новациялық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Қа­зақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыруға негіз болады. Бұдан кейін Владимир Нехорошев қазіргі кезде интеграция­лық бастамалар ерекше маңызды болып табылатынын ортаға сал­ды. Оның айтуынша, Кеден ода­ғының құрылып, жұмыс істей бастауы, Қазақстанның басқа да өміршең бастамалары – Президент Н.Ә.Назарбаевтың жеке еңбегі. Бүгінде сол бастамалар арқылы өмірге келген жұмыстар өзінің нәтижесін беріп отыр. Парламент депутаттары мен партияның фрак­циясы Тұңғыш Президенттің пар­тия алдына қандай міндеттер жүк­тегенін жақсы біледі. Ел тұр­ғындары партия тапсырмалары­ның орындалуынан тиісті нәтиже күтіп отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы­ның Отырар ауданындағы «Ақ бол» балабақшасының меңгеру­шісі Мәрия Белгібай Тәуелсіз­діктен бергі кезеңдерде Қазақ­стан­ның қол жеткізген табыста­ры Мемлекет басшысының сали­қалы сая­сатының арқасы екендігіне тоқталды. Тәуелсіздік туын ха­лықтың қолына ұстатқан бірден-бір дара тұлға – Тұңғыш Президентіміз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,  деді делегат. Сол себепті қазақ халқы үшін Тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғымға айналды. Бас-аяғы 20 жылда 100 жылға татитын тірліктер жасалды. Қазақстан Ел­басының кемеңгер де сындарлы саясатының арқасында әлемдік қоғамдастық санасатын іргелі мем­лекетке айналды. Осының бәрі халқы үшін аянбай еңбек еткен, түн ұйқысын төрт бөлген Ел­басының арқасы. Мен білім беру саласында 15 жылдан бері қызмет етіп келемін, – деді делегат әрі қарай. Жұмыс барысында сәбилердің ата-ана­ларымен жиі кездесіп отырамын. Сіздің балаларға деген аялы ала­қаныңыз бен жылы жүрегіңізді, қамқорлығыңызды олар да сезінуде. Соңғы жылдары Сіздің тікелей тапсырмаңызбен «Балапан» бағ­дар­ламасы іске асырыла бастады. Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр 176 мектепке дейінгі балалар мекемесі ашылса, ал еліміз бойынша бұлардың саны 500-ге жуықтады. Сіздің жолдауыңызда осы бағыт бойынша нақты жоспарлар бар екені барлық ата-ана­ны ерекше қуантты. Бес жылдан кейін сәбилеріміздің 74 пайызы, 2020 жылға қарай 100 пайызы мектепке дейінгі мекемелермен қам­тамасыз етіледі. Міне, бұл мем­лекетімізде әлеуметтік мә­се­ле­лерге баса назар аударыла­ты­нын көрсетеді. Біздің қалауымыз – Елбасы, халықтың таңдауы – Елбасы. Бұдан кейін мінберге «Победа» ЖШС директоры Александр Поляков көтерілді. Делегат Мемлекет басшысының қолдау көр­сетуімен агроөнеркәсіп кешенінде жүзеге асырылып жатқан жұ­мыс­тарды ортаға салды. Оның сөзіне қарағанда, мемлекет агро­өнер­кәсіп саласын дамытуға 140 миллиард теңге бөлген. Осының нәти­жесінде ауыл-село тұрғындары ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын лай­ықты қарсы алу үшін күш-жігер­лерін жұмсау үстінде. Менің атам да, әкем де жермен жұмыс істеген. Мен бала кезімнен ауыл шаруашылығында еңбек еттім, деп жалғастырды сөзін ол.  Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­да­рында қандай қиындықтар болғанын білемін. Ескі ауыл­ша­руашылық техникаларына қажетті босалқы бөлшектер іздеп сарсыл­ғанымыз есімізде. Ал бүгін ауыл еңбеккерлерінің жағдайы жақса­рып, ауылшаруашылық техника­лары­ның да түр-түрі көбейгенін көпшілік жақсы біледі. Осының бар­лығы мемлекеттік аграрлық саясаттың дұрыс жүргізілгенін көрсетеді. Сондай-ақ аграрлық кешенді дамытуға қатысты заңна­малық база да қоса алған ірі жобаларда жүзеге асырылып жатыр. Сөзінің қорытындысында делегат осының барлығы Тұңғыш Президенттің агроөнеркәсіп сала­ларына баса көңіл аударып келе жатқандығын көрсететіндігін атап, еліміздің агроөнеркәсіп кешенінде еңбек ететіндердің барлығы Елбасының кандидатурасын қол­дауға дайын екендіктерін жеткізді. Жастар атынан сөйлеу үшін ке­лесі сөз кезегі «Назарбаев Уни­верситетінің» студенті Екатерина Пономаренкоға берілді. Мен «Нұр Отан» ХДП ХІІІ съезі сияқ­ты аса маңызды форумда жастар атынан сөйлеу құрметіне ие бол­ғанымды мақтаныш етемін, деп бастады ол өзінің сөзін. Одан әрі Нұрсұлтан Әбішұлының еліміз тәуелсіздігін енді ғана алып, әлеуметтік және экономи­калық қиыншылықтарға ұрынып жатқан кезеңінің өзінде «Бола­шақ» бағдарламасын қабылдат­қаны өте көреген шешім болға­нын атап өтті. Соның арқасында мыңдаған қазақстандық жас әлем­нің ең үздік университеттерінен білім алып келіп, осы күндері Отанымыздың жарқын болашағы үшін еңбек етуде. Осы әрекеттің өзі Сіздің болашағы зор, табысты Қазақстанды құруға белді бекем буғандығыңызды көрсетіп берді, деді Е.Пономаренко. Одан әрі ол өзі оқитын «Назарбаев Университетінің» жай-күйіне тоқталды. Бұл Сіздің стра­те­гиялық жоспарыңыздың екінші кезеңі болды. Біздің оқу орнымыз қатардағы университет емес, ол – Сіз Жолдауыңызда атап өткендей, жоғары оқу орындарының ин­но­ва­циялық жаңа үлгісін жарақтай­тын, бұрын болып көрмеген ұлт­тық жоба. Соның арқасында бү­гінгі күні қазақстандық дарынды жастар, ешқандай алыс жерге бармай-ақ әлемдік стандарттарға сәйкес болатын тамаша білім алу­ға еліміздің өзінде-ақ қол жеткізді. Солардың қатарынан табыл­ған­дығым үшін мен өзімді бақыт­ты санаймын және мұның үлкен жауапкершілік екенін де түсіне­мін. Өзімнің шетелдік құрбы­лары­ммен, оқытушы және тәлім­герлеріммен араласқанда олар біздің жап-жас еліміздің осы за­ман­ғы үздік ғылыми кешенге қа­лай тез арада қол жеткізгеніне таңырқайтынын байқап жүрміз. Мен «Назарбаев Университетінің» жақын болашақта Гарвард, Сорбонна немесе Оксфорд университеттері секілді еліміздің брендіне айналатынына сенімдімін, деді. Біздер – барлық жаңарулар мен ұлы көшті бастан кешіп, кө­зімізбен көрген тәуелсіздіктің құр­дастарымыз. Біздің бағыты­мыз айқын. Ол Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясы. Бұл – Елбасы стратегиясы. Бұл – біздің стратегиямыз. Сондықтан, біздер жастар бар біліміміз бен қайрат-жігерімізді туған ел үшін жұм­сауға дайынбыз. Бұл мұратқа біз тек Президентіміз Нұрсұлтан На­зарбаевтың басшылығымен жете аламыз. Сондықтан Қазақстан жас­тары бірауыздан Елбасын қол­дайды, деп шешен сөзін мемлекеттік тілде аяқтады. Құттықтау айту үшін сөз кезегі «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының Мемлекеттік думадағы фракциясы төрағасы­ның бірінші орынбасары Владимир Пехтинге берілді. Ол өзінің сөзінде «Единая Россия» партия­сының төрағасы Владимир Пу­тин­нің құттықтауын оқып берді. Менің «Нұр Отан» ХДП ХІІІ съезіне деген ең ыстық сәлемімді қа­был алыңыздар, деп басталып­ты құттықтау. Партияның бұл съезі Қазақстанды одан әрі да­мытуға бағытталған және оның алдағы уақытта жаңа саяси көк­жиектерді ашуға мүмкіндік беретін айтулы кезең боларына сенімдімін. Қазақстанның ЕҚЫҰ төр­ағалығын табысты атқарып шық­қан­дығы – елдің халықаралық бе­делінің үздіксіз өсіп келе жат­қандығының айғағы. Мен Қазақ­станнның ИКҰ-ға төрағалық етуі де соншалықты табысты бола­рына сенемін, дей келіп одан әрі В.Путин Қазақстан мен Ресей Федерациясы достығы мен тату­лығының тамыры тереңде екендігіне тоқталып өтіпті. Мұның өзі біздің елдеріміздің халықтарының мүдде­сі­не сай келеді. Өзара ық­пал­дас­тықтың тереңдей түсуіне Кедендік одақ пен Бірыңғай эко­но­микалық кеңістік құрылуы үл­кен үлес қо­сады. Одан әрі «Единая Россия» партиясының төраға­сы «Нұр Отанмен» достықты жоғары бағалай­тынын атап өтіпті. Сөзінің соңында төраға съездің табысты өтуін, ал Қазақстан Республикасына бейбіт өмір мен жасампаздық тілеген. Құттықтауды оқып берген В.Пехтин өзі тарапынан да бір ауыз сөз айтқысы келетінін жеткізді. Бүгін Қазақстан өзінің одан арғы даму жолын белгілегелі тұр. Біз Қазақстан Президентінің сай­лануына ықпал ете алмаймыз, бірақ біз Нұрсұлтан Назарбаевтың сай­лан­ғанын қалаймыз, деді ол. Егер бізде мүмкіндік болатын бол­са, бар­лық «Единая Россия» пар­тиясының мүшелері заманы­мыз­дың ең дүлдүл қайраткері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс берген болар едік, деп ағы­нан жарылды. Сөз кезегі Қытай Халық Рес­публикасы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Халықара­лық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Чэнь Фэнсянға берілді. Ол Қытай Коммунистік пар­тиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, ҚХР Төрағасы Ху Цзинь­таоның құттықтау хатын оқып берді. Мен Қытай Коммунистік партиясы Орталық коми­тетінің және жеке өз атымнан Нұр­сұлтан Әбішұлы, Сізді және «Нұр Отан» партиясы съезінің делегаттарын ХІІІ съездің ашы­луымен құттықтаймын және оның жұмысына үлкен табыс тілеймін, делініпті құттықтау хатта. Одан әрі біз «Нұр Отан» ХДП Президент Н.Назарбаевтың басқаруы­мен елдегі әлеуметтік-экономи­калық дамудың ұйытқысы болған зор күшке айналғанын және ол халықтың сеніміне ие болғанын қуанышпен атағымыз келеді делінген. Біз «Нұр Отан» ХДП Қазақстанды одан әрі өркендетіп, қуатты елге айналдыру жолында бұдан да үлкен табыстарға жететініне сенеміз. Қытай мен Қазақстан арасын­дағы дипломатиялық қатынастар, халықаралық жағдайлардың өзге­ріп тұрғанына қарамастан, 19 жыл­дың ішінде тек тұрақты даму жолында болды. Тараптар тату көр­шілік және достық байла­ныс­тарды қолдай отырып, страте­гиялық өзара сенімді, тиімді ынтымақтастықты тереңдете түсті және халықаралық, аймақтық мәсе­лелерде бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Қытай-Қазақстан қатынастарын сыртқы саясаттағы басым бағыттардың бірі деп үнемі санап келген Қытай Компартиясы мен үкіметі болашақта Қазақ­стан­ның халықаралық және аймақтық істердегі рөлінің артуын қол­дайды. Одан әрі шешен Қытай Ком­пар­тиясы мен «Нұр Отанның» ара­сындағы достық пен ынты­мақ­тастықтың жақсы қарқынмен да­мып келе жатқанын атап өтті. Ұзақ жылдардан бері екі партия­ның арасындағы өзара түсіністік пен өзара сенім Қытай-Қазақстан қатынастарындағы стратегиялық әріптестіктің мазмұнын байыта түсті. Бұл біздің халықтары­мыз­дың түпкі мақсатына сәйкес келеді, деді ол. Құттықтаудың со­ңын­да Ху Цзиньтао Қытай Ком­пар­тия­сы мен «Нұр Отан» ХДП ара­сын­дағы өзара достық ықпал­дастықты тәуелсіздік, теңдік, сыйластық және ішкі істерге аралас­пау қағидатының негізінде одан әрі тереңдете түсуге ықылас­ты екенін жеткізе келіп, Президент пен Қазақстан халқына жақ­сы тілектер арнапты. Сөз кезегі Литваның «Литва­ның халық одағы» партиясының төрайымы Казимире Прунскенеге берілді. Литва тәуелсіздігінің басында болған айтулы қайрат­керлердің бірі К.Прунскене өзінің сөзін осыдан 20 жылдан артық бұрын болған КСРО-дағы алғаш­қы демократиялық қадамдарды, халық депутаттары съезінің жұ­мысын еске алудан бастады. Сол кезде Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, Орталық Азия республикалары басшыларының арасынан бірінші болып біздің КСРО-дан экономи­калық тәуелсіздік алуға ұмтылған бастамаларымызды қолдаған еді­ңіз, сол үшін Сізге ризашылы­ғымды білдіремін. Артынан, Ресейдегі демократиялық күштер­мен бірлесе отырып, біз ақыры өз тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бізден үлгі алған басқа республикалар да тәуелсіздігін алды, соның бірі Қазақстан болды, деді. Одан әрі К.Прунскене Қазақстан­ның 20 жылда жоғары экономи­калық табыстар мен әлеуметтік жетістіктерге жеткенін ауызға алды. Президент Н.Назарбаевтың соңғы Жолдауына тоқталып, онда елді жүйелі жаңғыртудың айқын белдеуі көрсетілгенін атап өтті. Жолдауда мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі мен экономика­ның әлеуметтік бағдары айқын­далған. Бұл жарқын болашаққа кепілдік беретін жол, деді ол. Одан әрі шешен Қазақстанның халықаралық саясаттағы табыста­рына тоқталып, осы бағыттағы оң істерге ризашылығын білдірді. Сіз бүгін әлемдік ауқымдағы таныл­ған көшбасшы болып отырсыз, деді Н.Назарбаевқа қарап. Еге­мен­діктің жоғары құндылық­та­рын қастерлей отырып, Қазақстан бүгін жаһандық интеграциялану бастамаларын да белсенді түрде көтеріп келеді. Соның айғағы – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға­лық етуі және оның 11 жыл бойы өтпеген саммитін Астанада өт­кі­зу­ге қол жеткізуі. Астана Саммиті Ұйымның дамуына жаңа серпін мен қарқын берді. Қазір Ұйым­ның төрағалығы Литваға көшті және ол Қазақстан көтеріп кеткен жоғары өлшемді әрі қарай жал­ғастыру ниетінде. Сөзінің соңын­да К.Прунскене қазір әлемде энергоресурстардың, азық-түлік­тің қат екенін айтты. Бірақ, деді ол, біз тұрақтылыққа, түсіністікке зәру екенімізді ұмытпайық. Сон­дықтан да Нұрсұлтан Назарбаев секілді тұлғалардың ел бас­қарғаны аса қажет. Келесі сөз Азиялық саяси партиялар халықаралық конфедера­ция­сының төрағасы Хосе де Венесиаға (Филиппиндер) берілді. Өзінің сөзін ол конфеде­ра­цияның жұмысымен таныстыру­дан бастады. Одан әрі Астана қаласының көркіне, оның даму қарқынының жоғарылығына таң­ға­лысын білдірді. Бұл – Қазақстан лидерінің зор еңбегінің жемісі екендігі айқын. Қазақстан Көш­бас­шысы елдегі ғана емес, осы ай­мақтағы тұрақтылық пен ты­ныштыққа үлкен еңбек сіңіріп отыр­ған лидер. Оның үстіне Қа­зақстан Еуразия құрлығының ор­тасында орналасқан. Сондықтан ондағы бейбітшілік пен тұрақ­ты­лықтың маңызы зор. Бейбітшілік – әрқашан да әлемдік проблема. Сіздің бейбітшілікті сақтау жо­лындағы бастамаларыңыз әлемдік қоғамдастық тарапынан әлі өзінің бағасын алады, деді. Ол сондай-ақ Н.Назарбаевтың бірқатар бастамаларын, соның ішінде ядролық қарудан өз еркімен бас тартқандығын атап, жо­ғары баға берді. Әлем халықтары мен мемлекеттерінің экономика­лары бір-бірімен тығыз байланыс­та. Олардың біреуінде болған проблема басқа жерге де жайылады. Сондықтан да біз Сіздің бастама­ларыңызды жоғары бағалаймыз, дей келіп, Хосе де Венесиа Азия саяси партиялары халықаралық конфедерациясының атынан Нұр­сұлтан Назарбаевқа «Көрнекті жетістігі мен адамзатқа қызметі үшін» атты өздерінің жоғары наградасын тапсырды. Осыдан кейін съезд жұмысын жүргізіп отырған партия Төр­аға­сының бірінші орынбасары Нұр­лан Нығматулин партия Көшбас­шы­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ХІІІ съездің өтуіне байла­нысты келген құттықтауларды оқып берді. Құттықтаулар Әзір­бай­жан Республикасының президенті, «Ени Азербайжан» партия­сының төрағасы Ильхам Әлиев­тен, Түрік Республикасының Премьер-министрі, «Әділеттік және даму» партиясының төрағасы Реджеп Ердоғаннан, Италия Премьер-министрі, «Халық бостан­дығы» партиясының көшбасшысы Сильвио Берлускониден және басқа да Еуропа мен Азия ел­дерінің бірқатар басшылары мен саяси партияларының лидерлерінен келген екен. Осыдан кейін жи­налыс төрағасы съезд жұмы­сы­на 20 минөттік үзіліс жариялады. Үзілістен кейін бірінші болып VІІ Қысқы Азия ойындарының жеңімпазы, шайбалы хоккейден Қазақстан құрама командасының капитаны Талғат Жайлауов сөз сөйледі. Өзінің сөзін Азиаданы тыңғылықты ұйымдастыра білген басшылардың еңбегі мен жеңіс туын көтерген спортшылардың ерлігін еске алудан бастаған ол бүгінгі күні біздің еліміздің әлем­дік жаңалықтардың орталығына айналғанын мақтаныш ететінін атап өтті. Азия ойындары – біздің бүкілхалықтық жеңісіміз болды, ол біздің халқымыздың ұйысуын одан әрі тереңдете түсті, деді ол. Одан әрі қазақстандық спорт­шы­лардың бұдан да жоғары шың­дар­ды бағындыруға мүмкіндігі бар екенін айта келіп, өзінің спорттық жолын енді бастаған жастарға қызығатынын жеткізді. Оларға бар­лық мүмкіндіктер жасалған, әлем­дік спорттық стандарттарға сай жаб­дықтар мен құралдар, спорт мектептері, бассейндер, хоккей қо­рапшалары – бәр-бәріне де қол­же­тімді. Мұндай жағдайлар спорт­шы­лардың шеберлігін шың­дай түсуіне мол мүмкіндік береді, деді ол. Одан әрі, бірде өзі құрамында ойнайтын «Барыс» командасының Челябінің «Трактор» коман­да­сы­мен ойнағанын еске алды. Сол ой­ында жеңіліп жатқан едік, сол кезде Сіз келіп, бізге жанкүйер бол­дыңыз. Бұл қамқорлығыңыз бізді қатты жігерлендірді, қорытын­ды­сында челябіліктерді жеңіп кеттік. Осының өзінен біз Сізбен бірге бір команда екенімізді сезіндік, деді Т.Жайлауов. Одан әрі «Алтын сапа» белгісін алардағы Сіздің: «Чемпиондар босаңсы­мауы керек», деген сөзіңізді еш­қашан ұмытпаймын. Біздің Қа­зақ­стан да көшбасшы, оны да чемпион деуге болады, ендеше, Қазақ­станға босаңсымау керек. Әрине, Сіз басқарсаңыз біздің ел ешқа­шан бо­саңсымайды. Сіз бізді жаңа же­ңістерге жігерлендіріп, жаңа биіктерге жеткізесіз, деп сөзін аяқтады. Соңғы болып Ауғанстан соғы­сы ардагерлерінің ұйымдары ас­со­циациясының төрағасы Ба­қытбек Смағұл сөйледі. Тәуел­сіз­дігіміздің түндігінде, туған елі­міздің кіндігінде, берік шаңы­ра­ғымыздың бірлігінде Алты Алаш­тың айбарына, татулықтың қайма­ғына айналған «Нұр Отан» съе­зіне жиналған қауым, бүгін ын­ты­мағы жарасқан, бүкіл әлем санас­қан, Тәуелсіз ел ретінде шека­ра­сын таспен емес, доспен қорша­ған қуатты мемлекетке айналуы­мыз Елбасымыздың көрегенді­гі­нің арқасы, деп ол өзінің сөзін әдемі бастады. Сондықтан да Елбасы, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттіктен үміткер ретінде ұсы­ны­луын барша қазақстандықтар қолдайды. Тәуелсіздігіміздің тұ­рақ­тылығын, әрбір отбасымыздың шуақтылы­ғын тілейтін, өз елін сүйетін әрбір патриот Елбасын шын жүректен қолдайды деп сенемін. Одан әрі өзінің басқа отан­дастарынан жалғыз ерекшелігі – Ауғанстандағы соғысты көрген­ді­гі екенін айтты. Снаряд жарылған кезде жолдастарымыздың дене қал­дықтарын әр бұтаның түбінен жинап алған кездеріміз де болды. Сондықтан біз бейбіт өмір мен тұрақтылықтың қадір-қасиетін жақсы түсінеміз, деді ол. Одан әрі шешен әлемдік проб­лемаларға тоқталып, қазіргі кезде бас көтере бастаған ұлтшылдық, діни, нәсілдік кемсітушіліктер қап­таған қиын замандарда елді жаһандық өзгерістерге жедел бейімдеуге дарыны, қарым-қабілеті емін-еркін жететін біздің Елба­сымызға рахмет айтуымыз керек екенін мәлімдеді. Одан әрі Н.На­зарбаевтың қазақ халқының жү­регіндегі азаттыққа, тәуелсіздікке деген үміттің ешқашан сөнбегенін айтқан сөздерінен дәйексөздер кел­тіре отырып, олардың Елба­сы­ның өзіне ғана тән дана тұжы­рым­дары екенін атап өтті. Сөзінің соңында біздің бақытымыз да, артықшылығымыз да сол – біздің бір ғана дара, бір ғана дана бас­шымыз бар. Осындай Прези­дентіміздің маңайына тығыз топтаса білейік, дей келіп, Елба­сы­ның президенттікке кандидат­ты­ғын қолдауға шақырды. Осыдан кейін жарыссөздер тоқ­татылып, сөз Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баев­қа берілді (Президенттің сөзі бөлек беріліп отыр). Елбасы сөзінен кейін жиналыс төрағасының ұсынысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы болатын сайлауға «Нұр Отан» ХДП атынан үміткер етіп сайлау туралы қаулы қабылданды. Со­ны­мен бірге, «Нұр Отан» ХДП-ның 2020 жылға дейінгі жаңа бағ­дарламасы бекітілді. Партияның алдағы 10 жылдық дамуының негізгі бағыттарын белгілеген бұл құ­жат Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыр­масына сәйкес еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын негізге ала отырып әзірленген екен. Съезд жұмысының соңында бекітілген күн тәртібіне сәйкес «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамдары сайланды. Сондай-ақ Саяси кеңес бюросының жаңа құрамы сай­лан­ды. Съезд жұмысы «Нұр Отан» ХДП әнұранымен аяқталды. Қатысушылар лебізі Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты: – «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партия­сы­ның ХІІІ съезінде алдағы өтетін президенттік сай­лауға Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев кандидатурасының бірауыздан қолдау тауып жатуы заңды да. Халық сана­сында «Қазақстан – Нұрсұлтан!» деген егіз ұғым әбден қалыптасты деп ойлаймын. Ел ерімен, ер елімен мақтанатын сәт те келіп жетті. Партия құрылтайында Нұр­сұлтан Назарбаевтың алдағы өтетін президенттік сайлауға кандидатурасының бір­ауыз­дан қолдау тауып жатуы осының жар­қын көрінісі деп айтуға болады. Арғысын айт­па­ғанның өзінде, кешегі ЕҚЫҰ Сам­миті­нің Астанада дүркіреп өтуі, 7-ші Қыс­қы Азия ойындарының айшықты көрініс табуы Президент беделінің арқасында сәтімен жүзеге асты. Мұндай халықаралық шара­лар­дың нәтижелілігі еліміз үшін үлкен абырой, биік мәртебе. Қазақта: «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Елдің ынтымағын жарас­тырып, өзге аз ұлттар өкілдеріне барынша қамқоршы ретінде танылған Нұрсұлтан Әбішұлы олардың да қолдауына ие. Өзге ұлт өкілдеріне сыйластықпен қарай оты­рып, Елбасы шетелдегі қандас­та­ры­мыз­дың көшін атамекенге бұру жайын үнемі назарда ұстап келеді. Бұдан біз дарабоз сая­саткердің арыдан ойластыра білетін ерекше қабілетін көреміз. Міне, осы қасиетімен ол елге сыйлы бола отырып, өзгелерді мойындата білді. Сондықтан да, ел басшысына сенеді, сайлауда қолдап дауыс береді деген ойдамын. Нұртай Сабильянов, Парламент Мәжілісінің депутаты: – Президенттік сайлауда «Нұр Отан» халықтық-де­мо­кратиялық партиясы аты­нан кандидат болып Ел­басы Нұр­сұлтан Назар­баев­тың түсетіні өте орынды. Өйткені, партия Төрағасын ел біледі,  халық қашанда өз Президентіне үнемі қолдау білдіріп келеді. «Нұр Отан» ХДП-ның алдағы он жылға арналған бағдарламасы партия құрылтайы барысында қаралды. Ол партияның алдағы он жылға дейінгі басымдылығы мен міндеттерін айқындап береді. Оның бір ерекшелігі сол, Қазақстандағы 2020 жылға дейінгі стра­тегиялық даму жоспарымен барынша үйлес­ті­рілген. Яғни, бағдарлама тек эконом