Бүгінде еліміздің бірқатар қалаларында канадалық компания «Twin Otter Series 400» әуе лайнерінің таныстырылымын өткізгені белгілі болып отыр. Орал әуежайында осындай рәсімге қатысуымыздың сәті түсті. Бұдан ұққан-түйгеніміз – шағын әуе ұшағы Қазақстанның климаттық ерекшелігіне өте қолайлы екендігі. Бұл 19 адамға лайықталған. Жолаушыларды тасымалдап қана қоймай, құтқару операцияларын жүргізуге және санавиацияға аса ыңғайлы. Тағы бір ерекшелігі ұшу-қону жолағын қажетсінбейтін көрінеді.
Канадалық «Viking Air» компанияcы маркетинг бөлімінің директоры Дэвид Хиздің айтуынша, аталған ұшақ түрінің асфальт төселмеген қара жерге, тіпті, қар мен су үстіне де қона беру мүмкіндігі бар екен. Бұл үшін арнайы құрылғылар орнатылыпты. Оның жоғары және төмен температураларға шыдамдылығы да өз алдына бір бөлек әңгіме дерліктей. Бүгінде канадалық компания шығарған 900-ге тарта ұшақ түрлері әлемнің 57 елінде қолданысқа енгізіліпті.
Өзінің көлемі жағынан әлемдегі мемлекеттер арасында алғашқы ондыққа кіретін Қазақстанның ұлан-байтақ аумағы жағдайында, тіпті, бір облыстың ішіндегі аудандар бір-бірінен 500-600 шақырым қашықтықта екенін ескерсек, бұл өте қолайлы әуе көлігі екені бірден байқалады. Оны пайдаланған кезде арнайы ұшу-қону жолақтарын салудың қажеттілігі жоқ екені де тиімді болмақ. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, «Twin Otter Series 400» ешқандай қонатын жер талғамайды. Ендеше, мұны неге шалғай ауылдардағы тұрғындардың игілігіне пайдаланбасқа?
Осы арада «Twin Otter Series 400» ұшағының бағасы 7 миллион АҚШ долларын құрайтынын да айта кеткен жөн. Әрине, мұндай жоғары бағаны екінің бірінің мүмкіндігі көтере бермейтіні тағы да аян.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
ОРАЛ

Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді
Бокс • Бүгін, 09:48
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:32
Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Алматы • Бүгін, 09:30
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Туризм • Бүгін, 09:26
Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Президент • Бүгін, 09:15
Қаржы • Бүгін, 09:10
Елдік мүдде мен іргелі қағидаттар негізі
Саясат • Бүгін, 09:00
Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі
Саясат • Бүгін, 08:55
Зергерлік бизнес жайын зерделесек...
Бизнес • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:45
Аймақтар • Бүгін, 08:40