08 Тамыз, 2016

Рио-2016: зілтемірші Арли Чонтей төртінші орыннан аса алмады

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

08-08-16-chontey-2

Тамыздың 7-сі күні түнде Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарда қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей 56 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, төртінші орын алды. Біздің спортшы бірінші жаттығу – жұлқа көтеруде 130 кг салмақпен бесінші орынға тұрақтады. Ол серпе көтеруде де салмақ үздіктерімен бәсекеге түсе алмады. Бірінші талпыныста 148 кг салмақты бағындырған Арли сонымен тұрып қалды. Осылайша қоссайыс бойынша 278 кг салмақ жинаған қазақстандық атлет жалпы есепте төртінші тұғырдан табылды. Ал Олимпиада чемпиондығы атағын қоссайыстағы 307 кг жиынтығымен қытайлық Лон Цингуан жеңіп алды. Екінші орынға 303 кг көтерген КХДР спортшысы Юн Чол Ом орналасты. Үшінші сатыға 289 кг салмақпен таиландтық Синфет Круайтонг жайғасты. Айта кетуіміз керек, Лон Цингуан осы көрсеткіші арқылы әлем рекордын жаңартты. Ал серпе көтерудегі 170 кг салмағы Олимпиаданың жаңа рекорды болып табылады. Ол түрік Халил Мутлудың 2000 жылы Сиднейде жасаған әлемдік рекордына (305 кг) өзгеріс енгізді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ   Техникалық нәтижелер XXXI жазғы Олимпиада. Рио-де-Жанейро (Бразилия), 7 тамыз Ауыр атлетика. Ерлер. 56 кг. 1. Лон Цингуан (Қытай) – 307, әлем рекорды (137+170). 2. Юн Чол Ом (ХНДР) – 303 (134+169). 3. Синфет Круайтонг (Таиланд) – 289 (132+157). 4. Арли Чонтей – 278 (130+148).