08 Тамыз, 2016

Рио-2016: Бүгін Қазақстан боксшылары рингке шығады (+)

304 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

08-08-16-jakypov-1

Бүгін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарда Қазақстанның үш боксшысы өздерінің бірінші ұрыстарын өткізеді. Атап айтқанда, Біржан Жақыпов (49 кг, жоғарыдағы суретте), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Василий Левит (91 кг) шаршы алаңға шығады. Бұлардың арасында Жәнібек 1/16 финалдық шайқасты британиялық Энтони Фоулермен өткізсе, Біржан мен Василий 1/8 финалдық жекпе-жектерде тиісінше намибиялық Матиас Хамуниеламен және қытайлық Фенгкай Юмен кездеседі. Ұрыстарды «Хабар» арнасы тікелей эфирден сағат 01:55-те береді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ Біз төменде осы күні 49 және 91 килоға дейінгі салмақтардағы 1/8 финалдық шайқастарға, 75 кг салмақтағы 1/16 финалдық ұрыстарға қатысатын барлық боксшылар жұптарын атап көрсетеміз. Мұнда алдыңғы екі салмақ бойынша қатар тұрған жұптардағы былғары қолғап шеберлерінің ұтқандары ширек финалда бір-бірлерімен қарсылас болып шығады. Былайша айтқанда, 1-2, 3-4, 5-6 және 7-8 жұптардың жеңімпаздары бір-бірімен кездеседі. Ал 1/16 финалдық жекпе-жектерді өткізетін 75 килоға дейінгілер жұптарында дәл сол қалпында қарсылас анықтау қиын. Себебі, мұнда да турнирге 1/8 финалдан қатысатын боксшылар бар. 8 тамыз. 1/16 финал.75 кг Адам Золтан Харча (Венгрия) – Арсланбек Ачилов (Түрікменстан) Кристиан Мвилли (Франция) – Дмитро Митрофанов (Украина) Джойс Эндри Сааведра (Венесуэла) – Джавиер Марло Делгадо (Эквадор) Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) – Энтони Фоулер (Ұлыбритания) Ильяс Аббади (Алжир) – Мпи Анауел Мгамиссенгуе (Конго) Мингганг Цао (Қытай) – Камран Шахсуварлы (Әзербайжан) Изиел Мисаэл Родригес (Мексика) – Абдулридха Вахид Вахид Караави (Ирак) Диеудонне Уитфред Сейи Нценгуе (Камерун) – Луис Йорге Вивас (Колумбия) Меврен Клайр (Маврикий) – Хуссейн Бакр Хосам Абдин (Египет) Кришан Викас (Үндістан) – Альберт Шон Чарльз Конвелл (АҚШ) Ондер Сипал (Түркия) – Музийо Бенни Музийо (Замбия) Томаш Яблонски (Польша) – Джейсон Даниель Левис (Австралия) 8 тамыз. 1/8 финал. 49 кг Йоахнис Аргилагос (Куба) – Галай Яфал (Ұлыбритания) Петер Мунгай Уаруи (Кения) – Бин Лв (Қытай) Роген Ладон (Филиппин) – Юберген Херней Мартинес (Колумбия) Самуэль Кармона Хедерия (Испания) – Патрик Барнс (Ирландия) Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) – Йоселито Веласкуес (Мексика) Матиас Хамуниела (Намибия) – Біржан Жақыпов (Қазақстан) Ган-Ердене Ганкхуяг (Моңғолия) – Карлос Эдуардо Квипо Пилитакси (Эквадор) Нико Эрнандес (АҚШ) – Василий Егоров (Ресей) 91 кг Евгений Тищенко (Ресей) – Хуан Ногуейра (Бразилия) Хассен Чактами (Тунис) – Клименте Руссо (Италия) Рустам Туляганов (Өзбекстан) – Хулио Сезар Кастильо (Эквадор) Паул Омба Бионголо (Франция) – Абдулкадир Абдуллаев (Әзербайжан) Василий Левит (Қазақстан) – Фенгкай Ю (Қытай) Чоуаиб Боулоудинат (Алжир) – Кеннеди Ст Пиерре (Маврикий) Альберто Ямил Пералта (Аргентина) – Давид Граф (Германия) Лоуренсе Околие (Ұлыбритания) – Эрисланди Савон (Куба)