el.kz[/caption]
Каратэ-до спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының 2020 жылы Токиода өтетін Олимпия ойындарында олжа салуға толық мүмкіндігі бар. Бүгін Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы спорт түрі бойынша Азия чемпионатының жүлдегері, Халықаралық дәрежедегі төреші Шаттық Қажымұқан осылай деді.
— Азия чемпионаттарындағы ең басты фавориттер — Жапония мен Иран. Біз әр чемпионат сайын үздік үштікке кіріп жүрміз. Токиода өткен соңғы чемпионатта командалық есепте Ираннан озып, екінші орынға көтерілдік. Әлемдік додаларда Франция, Италия, Мысыр елдері фаворит саналады. Құдай қаласа, біздің де Олимпия ойындарында медаль алуға мүмкіндігіміз бар. Қазірден бастап әзірлікті күшейтіп, лицензияға қол жеткізуге тырысу керек,— деді Шаттық Қажымұқан.
Жақында каратэ-до спортын 2020 жылдан бастап Олимпия ойындарының санатына қосу туралы шешім шығарылғаны белгілі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен басқосуда еліміздегі каратэ мектептерінің болашағы, Олимпия ойындарына іріктеу жүйесі және лицензия алу, тағы да басқа мәселелер қозғалды.
Нұртөре САМАРҚАН

Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11