15 Ақпан, 2011

Елі Елбасына сенеді

390 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Халық Елбасының жыл сайынғы Жолдауын асыға күтеді. Себебі, осы Жолдау республика тұрғындарына саяси, экономикалық, әлеуметтік тұр­ғы­дан жігер берері хақ. Жыл сайынғы Жолдаулардағы тап­сыр­малардың іске асып жат­қанын да көзімізбен көріп, жемісін татып жатырмыз. Биылғы «Болашақтың іргесін бірге қа­лаймыз» атты Жолдаудағы ме­желенген бағыт­тар да әдеттегі­дей салмақты әрі көңілге қонымды. Бұл Жолдауда қамтылған мәселелер халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, елдігімізді нығайтуға, экономикамызды да­мытуға, Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­дығын табысты қарсы алуға, со­ны­мен қатар, ардагерлердің әл-ауқа­тын жақсарта түсуге нақты ша­раларды айқындап беруімен құн­ды десем, артық айтқандық болмас. Жолдаудағы ауыл шаруа­шы­лы­ғын дамыту, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күресті күшейту әр басшыға, әр Қазақстанның тұрғынына заң шеңберінде қадам жасауға жол ашатыны анық. Біздің болашақ ұрпағымыз зайырлы мемлекетте тұрған­дық­тан, өз құқығын білетін азамат болып қалыптасуы керек. Соны­мен қатар, халықтың әлеуметтік жағ­дайын көтеру үшін эконо­миканы бірінші кезекте жан-жақ­ты дамытсақ, ол халықтың ертең­гі киімі, тамағы деген ұғымды білдіреді. Білімді ұрпақты тәрбиелеу – ол мемлекеттің бірінші табысы. Экономикамыз, мәдениетіміз бен ішкі және сыртқы саясатымыз арқылы 50 мемлекеттің қатарына кіріп, орын алуымыз Елбасы еңбегінің нәтижесі. Халықты демеуші әрі таны­ту­шы өнер екендігі белгілі. Әр ұлт өзінің тілі, әдебиеті, өнері, салт-дәстүрі арқылы ерекшеленеді. Ал өзім өнер адамы болған­дықтан, Жолдаудағы осы салаға жаңашылдықпен мән берілуі ерекше қуанышқа бөледі. Жолдауды тыңдай отырып, Елбасының бойындағы түрлі қа­сиеттерге, өз халқына деген шексіз сүйіспеншілігіне тәнті бол­дым. Тәуелсіз мемлекеті­міз­дің атын асқақтатып, өскелең ұрпаққа, болашаққа сеніммен қарауға жағдай туғызып отыр­ған өзіңіздей Елбасына аудан­ның соғыс және еңбек ардагерлері атынан мың да бір алғы­сымды білдіремін. Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілікті, ынтымақ пен бірлікті ту етіп ұстап, халқының ел-жұртын мұратына жеткізіп отыр­ған Ұлт Көшбасшысы, әлем­дік деңгейдегі мемлекет қайрат­кері. Алматы облысы Іле ауда­ны­ның халқы Елбасын бір үйдің баласындай қолдайды. Өйткені, Елбасы бастаған Қазақ елінің нығая беретініне сенеді. Төрткен КЕНЕНҚЫЗЫ, Іле ауданының құрметті азаматы. Алматы облысы.
Соңғы жаңалықтар

КазLLM қалай жұмыс істейді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 15:25