10 Тамыз, 2016

Жаттауға емес, ойлауға баулиық

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

75 mektep 1

«Маңызсызын маңыздымен ығыстыру» демекші, еліміздегі тіл мәртебесін көтеру мақсатында қоса алатын тағы бір үлесіміз – мемлекеттік тілдің меңгерілу деңгейін SAT үлгісінде тексеру. Аталмыш емтиханның оқылым һәм жазу мен тіл бөлімдерінде көбінесе әдеби шығармалар яки ғылыми-көпшілік журналдар мақалаларынан үзінділер тап­сырмаға сәйкестеліп ұсынылады. Бұл жүйе арқылы америкалықтар ағылшын тілінің сапалы да сауатты түрде берілуін қадағалап қана қоймай, ағылшын тіліндегі әдебиетпен де миллиондаған талап­керді жүздестіреді. Адамзаттың өшпес ұстазы – кітап, және оны оқуға деген, соның ішінде, әсіресе, қанға жақын, өзінің болмыс-рухындай ұлттық әдебиетті оқуға деген Қазақстан жастарының ықыласын оятудың бірден-бір жолы – асыл сөзді түсінуге үйрету. Осылайша, жас ұрпақтың бойында ақ-қараны ажырату, логикасын және мақсатқа жету қабілеттерін шыңдауға болады.

Көптеген жастардың және ғалымдардың пікірінше, «бол­масаң да, ұқсап бақ» демекші, бүгінгі таңдағы маңдайалды мем­ле­кеттердің білімге деген, білім дамуына деген көзқа­растарынан бізге үлгі алу зиян емес. Еліміздегі талапкерлер үшін болашақта пайдаға асыратын сыни тұрғыдағы логикалық ойлау қабілеттерін, мемлекеттік тілді білуі және ғылымдардың патшайымы – математиканың негіздерін ескере жүруі олардың «Қазақстан-2050» Стратегиясының нағыз тірегі атануына мол септігін тигізері анық.

Болашақ – жастардың қолында, ал сол жас талапты кемел жолға бастайтын үлкен сынақтың зер­десі, бәсекеге қабілетті болуы – Тәуелсіздік өрлеуінің де бір көрі­нісі. Ендеше, жастарды, өске­лең ұрпақты жаттауға емес, ойлауға баулиық.

 Бибарыс СЕЙТАҚ

АСТАНА