Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Демократияны нығайтудың маңызды қадамы - Мереке Құлкенов

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жазушы Мереке Құлкенов №175 мектеп-гимназиясында ашылған № 584 сайлау учаскесіне барып, АЭС құрылысы мәселесі бойынша дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демократияны нығайтудың маңызды қадамы - Мереке Құлкенов

«Референдум – демократияны нығайтудың маңызды қадамы, бұл азаматтарға пікірін білдіру, еліміздің болашағына әсер ету және қоғамдағы белсенді оң өзгерістерді көру үшін ерекше мүмкіндік», деді қоғам қайраткері Мереке Құлкенов.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.

Алматы тұрғындары тұрғылықты жерінде орналасқан дауыс беру учаскелерінде таңдауларын жасап жатыр. Жалпы мегаполисте 624 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, олар сағат 20:00-ге дейін ашық болады.